№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қаратау беттен қараған жылы қабақ

Қаратау беттен қараған жылы қабақ

Періште көңілдің пәк сезімі алып-ұшып, ұлағат көруге ұмтылып, жаңа достармен жүздесуге, тың идеямен талаптануға тырысып бағады және сондай табиғи сый іздегендер жаз мезгілінің мүмкіндігіне иек артады. "Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз!" дейтін алақай арман бала біткенді бір шаңырақтың астына жинады. Біз мұны «Қаратау беттен қараған жылы қабақ» деп атадық. Себебі біз барған «Тау самалы» лагері тау беткейде орналасқан, Жаңақорған ауданындағы 42 мектептің әрбірінен 7-14 жас аралығындағы бүлдіршіндердің басын қосатын демалыс орны. Демалыстың дауасын ұққандар лагердің құнын біледі, бәлкім бүгінгі балалардың болмысы білдірген болар, олардың мәз-мәйрам мінезінен жылы қабақ шуағы шашылып тұрды.
Қасиетті жұма күннің беташарын балғын балалармен өткізуді ойластырған аудан әкімі Руслан Рүстемов алдымен олардың жай-күйін көрді, әлеуметтік қолдауларға мән берді.
Расында көк желектің ортасында, бал бұлақтың сағасында, жайлы орынға орналасқан лагерде бала жанына қажеттінің бәрі бар.
2018 жылы пайдалануға берілген 16 орындық монша, бассейн, ойын алаңдарын аралаған аудан басшысы тынығумен қатар білімге, танымдық ой өрісін өсіретін шараларға көп көңіл бөлуді тапсырды. Әсіресе, ұлттық құндылық нақыштарына, патриоттық ән-биге тәрбиелеп, бақытты шақтың балалары үшін барлық мүмкіндікті қосуды жүктеді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов мектеп жанындағы сауықтыру лагерінен бөлек, «Тау самалына» барлық мектептен оқушы қамтылуына, олардың тамағынан бастап, түрлі іс-шараларына маңыз қойылатын жеткізді. Ал, лагер директоры Болат Шерімбетов болса, пандемияға байланысты сақтық талаптарына қатаң ұстанып, әрбір баланың тағдыры бақылауда болатынын білдірді.
Ия, қазір үшінші ауысым қабылданды. Жас шамасына қарай 76 білдіршін тынығып келеді. Ән шырқап, ойын ойнап, ортақ үйлесім тапқан ортасына бәрі дән риза.
–Бекітілген кестеге сәйкес күніне бес рет тамақтандырамыз. Оның үшеуі ыстық тамақ. Мен де анамын, балаларға аналық мейіріммен қараймын. Сол себепті олардың қай асты сүйіп жейтінін, талғамын ескеремін, тіпті бейсенбі, жұма күні гормадан тыс бауырсақ пісіремін. Бұл ата-анасын, үйін сағынғандарға ерекше күш сыйлайды, алаң көңілін жақсылыққа аудартады, – дейді «Жаңатаев» жеке кәсіпкерлік иесі Нәзира Тұрлыбекова.
Мұнан кейін аудан басшысы Руслан Рүстемұлы балалармен ашық әңгіме жасады.
–Балалар, сіздер бақытты ұрпақсыздар. Тәуелсіз Қазақстанның тартуын көріп келесіздер. Биыл ел тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде баланы болашағына, әсіресе білімге үлкен мән беріліп, өркениетті мемлекетке өрелі қаншама жастар тәрбиеленді. Міне, сіздер де бүгін лагерден қуат алып, жаңа достар тауып, өнерлі, шымыр болуға талпынып жатырсыздар. Ағай-апайларыңның айтқан ақылын тыңдап, жақсы ұл мен қыз деген абыройға дақ түсірмей, тыңғылықты тынығуларыңа тілектеспін, – деді ол.
Балалар жамырасып әкім ағасына алғыс жаудырды. Сосын бірге суретке түсті.
Шүкір дейік, қауіпті дерт ептеп сейіліп, бұл жаз айы – балаларға өзінің сантүрлі талантын ұштауға мүмкіндік берді. Балалар өзінің рухани және эмоциялық іс-әрекетін ширатуға, шығармашылығын шыңдауға тырысып жатыр. Аудан басшысы олардың күміс күлкісін көріп, жылы қабағын танып, лагердің әсері лайықты екенін білді.

25 маусым 2021 ж. 547 0