№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әр сөзі өнеге ақ әже

Әр сөзі өнеге ақ әже


Бір отқа жылынып, бір нанды бөліп жеген бір үйдің балалары анадан он тусын мейлі өмірдің заңымен  өз алдына түтін түтетіп, өрісін кеңге жая берері белгілі. Бірақ ата-анасы көзі тірі тұрғанда  есіне түскен уақытта емпеңдеп келіп, еркелеп  шығар осынау қасиетті отанның шамының өзге үйден  ерекше  жарқырап тұруының  сыры неде екен? Қарияның қабағына қарап, қадір тұтқанның абзалдығын  білген ақылды ұл  қарашаңыраққа ие болып  қалғандақұтты босағада қонақтаған құйтақандай бақ құсының бабын таба біле ме, жоқ па, гәп осында.
Биыл 8 наурыз күніжасы сексеннің үшеуіне келген Қапура апамызды мерекемен арнайы құттықтамақ үшін кент орталығындағы еңселі үйдің табалдырығынан енгеннен  үй ішінен ескен жағымды аураға жанымыз жылып жүре берді. Қазаны оттан түспейтін қарашаңырақтың қағидасына берік ибалы келін  ас қамымен жүгіріп жүр. Төрде отырған ақ жаулықты ананы қаумалай қоршалаған қаздың балапанындай немерелері әже етегіне оралып, жарасып қалыпты.
Сексеннен асты демесеңіз санасы сергек, көкірегі көмбе қарияның өз өткен өмірінен айтар тағылымынан сыр түйгіміз келіп бірер сауалымызды қойған едік. Апам өз өмірбаянын жүйе-жүйесімен баяндап берді.
Әкесі  Жүнісов Сейдахмет кезінде ауданда ірі мекемелерді басқарған кісі болыпты. Екі ұлы жастай шетінеп, үш қызы аман жетілген. Тұңғышы Сапура, онан соң дүниеге келген бұған Қапура деп ат қойған екен,  кішкентайында мұны көтеріп өсірген көрші үйде тұратын орыстың қыздары «Что такой Қапура, Зоя дейміз мұны» деп үкім жариялап, сол күйі Зоя атанып кеткен екен. Сол себепті айнала қауым Қапура дегенді танымайды, Барлығы «Зоя апа» дейді.
Он алты жасқа толғанында Қосүйеңкінің Жиенхан деген жігітіне тұрмысқа шыққан екен, 1957 жылдың 15 ақпанын күніне дейін жаңылмай айтып берді. Екі жас бас қосқан соң шаруашылықтан бір отар қой алып, алдыға салған екен. Сол кезде шаруашылықтың №1 фермасы боп саналатын «Бірліктің» озат шопандары қатарында есімдері газет бетінен, суреттері Құрмет тақтасынан түспей келіпті. Тіпті 100 аналықтан 200-ге дейін төл өргізіп, сыйлыққа машина мінген сәттері де болған. Өздері көмекші шопанды қажет етпеген көрінеді. Қаратаудың етегіндегі «Жансейіт қыстауы» мен жаз түсе Қосағаш жайлауын мекен етіп, ел байлығы берекесін арттырған бейнетті жылдар жастық күннің қымбат елесімен етекте қалды. Әке жолын жалғап, шопанның ақ таяғына иелік еткен тұңғыштары Нұрлан болыпты. Мектеп-интернатында оқыған кейінгі балалары да қолқабыс етіп, қатар тұрып қайрат қылған қажырлы еңбектің тауқыметін бала жасынан сезініп өсіпті. Содан жаман болған жоқ, бүгінде барлығы  жеке-жеке кәсіп қылып,  елдің алды болып өмір сүріп жатыр.
Өзі ұлы мен келіні Жанболат пен Айгүлдің қолында балдан тәтті немерелерінің қылығына тоймай, ертегі айт деп еркелеген балғын құрақты көкіректежатталған сырлы сөзбен тербеп, тереңнен толғағанды ұнатады.  Елу бір жасында өмірден озған анасы тігінші кісі болған, осы айналадағы  тәмам жұртқа көйлек-көншектен басқа бөрік, сырт киім, галифе шалбар  тігіп беріп, алғысын алыпты. Ауылда жиын-тойға ертіп апарып жүрген қызының зеректігіне көзі жетіп, риза болып жүреді екен. Сол алғырлығынан әлі де танбаған, көңілі сергек, жан-дүниесі терең кейуана анасынан естіген ақыл-өсиет, ән-жыр, хисса-дастандарды келер ұрпақ жүрегіне егуден жалыққан емес. Немере-шөбере қызығына кенеліп, тағдырға мың-мың шүкіршілік етіп отырғанын айтады. Ері шопандық кәсіптен зейнетке шыығып,  өмірден оъғанына да жиырма жылдан асып қалыпты. Бауырынан өрген балалары үшін анасының айтқаны рас. Десек те өсіріп-тәрбиелеген он бір перзентінен өрген 49 немере, жиырма шақты шөбере сүйіп отырған ардақты жанды алақанына сап аялап, күндіз-түні қызмет қылған қараорындағы қарашықтарына әзір тұрған тағдырдың ерекше тартуын ойлағанда көңіліміз толқығанын жасырмаймыз. Бұл тәмсілдің сыры мынада, оқырман. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У) көзін жұмарда орнына қалдырған Хазіреті Омарға үстіндегі шапанын табыс етіп, мынаны «Иемен жақтан келетін Уайыс деген кісіге табыс ет» деп аманаттады. Хазіреті Омар жылда қажылыққа келген жолаушылардан: «Араларыңда Уайыс деген адам бар ма? деп сұраумен болды. Алты жыл өткенде Йеменнен келе жатқан топ арасынан «Уайыс деген менмін» деген кісіні кездестіріп, бұл нығметтің сырын білгісі келді. Пайғамбарымыздың дидарын бір көру үшін бұл жан осы сапарға нешеме жылдар бойы ынтық болғанын, бірақ қолында анасын тастап кете алмағанын, енді Расулалла өмірден өтіп кетсе де оның жүрген жерін табанымен басып, маңдайы тиген сәждеге тәу етсем деген тілегін тыңдадым. «Міне, саған сүйінші!» деп қолындағы шапанды ұсынды. Иә, анасын осынша ардақтап, разы еткен адал перзенттің еншілер сыйлығы осындай. Ана үшін баланың бәрі бірдей. Ал ананың отырған жері жұмақтың төрімен тең.
Баян Үсейінова
07 наурыз 2021 ж. 489 0