Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана

Бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана

Ел анасы, батыр атаның келіні, қаламгер Зейнеп Ахметованың өнегелі өз биігінде түйген тұжырымдары бізге тағылым.

«Қыз тәрбиелеу – ұлт тәрбиелеу» деген сөз. Қаракөз қыздарымыз – қазақтың болашақ ұрпағының анасы, ұлттың әжесі. Сондықтан, қызымызды ата-баба дәстүрімен, қырық үйден тыйым салатын салиқалы салтымызбен өсіруіміз керек. Бұл күндері қарап отырсақ, байлық па, барлық па, мақтаншақтық па, даңғазалық па, есіріктік пе, қалай дерімді білмеймін, титімдей бір-екі жасар қыздың құлағын тесіп, алтын, тіпті гауһар тасы бар қымбат сырға салғанды көріп жүрміз. Осының қажеті қанша? Қазақ қыздың құлағын жеті жасында тескен. Өйткені жетіге дейін ол қуыршақ ойнап, тұлымшағы желбіреп, асыр салып, балалық дәуренді мейлінше бақытты өткізуге тиіс. Сырға тағу қыздың бойжете бастағанын, балалық шағынан алыстай бастағанын білдіреді. Қазір осы дәстүрді ойсыз жасап жүрміз. Қыз тәрбиесін назардан шығарып алғанымыз жасырын емес. Бұған қыздарымыздың қалай болса солай, ашық-шашық киініп, кіндігін көрсетіп жүргені дәлел.
06 наурыз 2021 ж. 1 236 0