№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлт саулығын нығайту – ұлы мұратымыз!

Ұлт саулығын нығайту – ұлы мұратымыз!

Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді. Ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін медициналық ұйымды таңдау құқығын аймақтың 3939 тұрғыны пайдаланды. Олардың көпшілігі 2511 бастапқы медициналық-санитариялық қызмет көрсететін медициналық ұйымына өтініш беру арқылы тіркелсе, қалған 1428 адам egov.kz порталы арқылы онлайн қызметті таңдаған.
Тіркелген азаматтардың жалпы санының басым көпшілігі – 50,1 пайызы немесе 1970 адам мемлекеттік емханаларда тіркелген, ал қалған 49,9 пайызы немесе 1969 адам жеке клиникаларды таңдады.
Өткен жылы аймақтың 4211 тұрғыны тіркелу науқаны аясында емхана таңдау құқығын пайдаланған. Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі - 54,3 пайызы немесе 2288адам жеке меншік емханаларда тіркелген болса, қалған 45,7 пайызы немесе 1923 адам мемлекеттік емханаларды таңдаған болатын.
Алайда, 7 мыңдай қызылордалықтар денсаулық сақтау жүйесінен тыс қалып отыр. Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу - бұл ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін алу үшін қажетті шарт. Сондықтан медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріңізге тікелей жақын жердегі емдеу ұйымына тіркелгеніңіз жөн.
Тіркелу науқанынан тыс кез-келген уақытта БМСК ұйымын бірнеше жағдайда өзгертуге болатындығын ұмытпаған жөн. Егер адам өзінің тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқу орнын өзгерткен болса, басқа елді мекенге қоныс аударған болса, сондай-ақ емхана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, еліміздің кез келген азаматының жылына бір рет тұрғылықты жері бойынша емхананы ауыстыруға құқығы бар.
Егер БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қызмет көрсету аймақтан тыс жерде тұратын азаматқа бұл емханаға тіркелуге бас тартылуы мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы тәжірибелік дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Бұл жағдайда денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық - санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түріндегі тіркеу туралы хабарлама беріледі.
Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.
Аймағымызда биылғы тіркеу науқанына 21 медицина ұйымы қатысты. Оның 8-і жеке медициналық ұйымдар. Аталған емханалар келер жылы тегін медициналық кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек. Науқан қорытындысы бойынша тіркелгендердің жалпы санынан 3939 адамның басым үлесі, яғни 1471 түрғын «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-гі емханасына тіркелді.
Айта кету керек, алғашқы медициналық - санитариялық көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.
Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы шарт. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы «SaqtandyryBot» арқылы және «Қолдау-24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Құрметпен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры Б.Исмаханбетов.

Open Janakorgan Auruhana парақшасынан.

26 қараша 2020 ж. 681 0