Рухани-мәдени шаралар шеруі
Елдегі карантин режиміне байланысты шектеу щаралары күшейтілуде. Кейбір өңірлер індеттің алдын алу мақсатында карантин жүйесін қатаң бақылауға алды. Сондықтан көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар тек онлайн түрде өткізілуде. Біздің ауданның өнер ұжымы да жоспарлы шараларын онлайн бағытта ұйымдастырып, көрермендер ықыласына бөленуде. Біз қазан-қараша айында өткен шараларды саралап, бірқатарын басылым бетіне жариялауды жөн көрдік.
«Туған өлкем – Жұмақ мекен»
«Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Туған өлкем – жұмақ мекен» аудандық үздік бейнероликтер бәйгесінің қорытынды кеші өтті.
12 бейнероликтердің арасынан үздік деп танылған 3 ролик таңдалып алынды. Бағалау барысында түсірілген бейнероликтердің сапасына, тақырыптың ашылуына байланысты қойылған критерийлер сараланды. Нәтижесінде жүлделі орындарды «Жаңақорған құрама» командасының жайдарманшылары Құлтас Асхат пен Әліби Мусаханов екінші-үшінші орынды өзара бөлісті. Ал бірінші орын «Kenantorecinema» орталығына бұйырды.
Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін
Абайдың 175 жылдығы аясында мәдени-рухани шаралар көптеп ұйымдастырылып, ақын ның өмірі мен шығармашылығы дәріптелуде. Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Абай шығармашылығын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін» атты байқау өткізілді. Рухани кеш ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық мәдениет үйінің «Жастармен жұмыс» бөлімшесі мен Ашық азаматтық қоғам ақпараттық-ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өтті.
Дана Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеуді мақсат еткен шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Шара тіл көркемдігін, сөз байлығын, оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамытуды мақсат етті. Бұл іс-шара бір жағынан, оқушының білім деңгейін көтерсе, екінші жағынан, тіл сауаттылығын арттыруға септігі мол.
Нәтижесінде жүзден жүйрік танылған Төменарық ауылының қос тумасы Ұлжан Асылбекқызы бірінші орынды, Өмірсерік Батырхан екінші орынды иеленсе, ал аққұмдық Әліппай Мерей үшінші тұғырдан көрінді. Жеңімпаздарға арнайы смартфондар табысталды. Ал қалған қатысушы үміткерлерге «Алғыс хаттар» мен бағалы сый-сияпаттар берілді.
Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, билік пен бұқара туралы айтқан ой-тұжырымдары өміршеңдігін көрсетіп келеді. Өйткені ақынның мұрасы адамзат баласының рухани азығы.
Виртуалды кітап көрмесінің мақсаты неде?
Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ғалым, ағартушы, тарихшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «Дарынды ғалым, демократ» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынды. Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін үлгі ету. Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Тілеу Тотаевты
еске алу кеші
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Тілеу Тотаевтың 100 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу шарасы өтті.
Шара барасында үстіміздегі жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған Т.Тотаев атындағы «Жеңіске жетелеген жырлар» атты патриоттық ән орындау шеберлері байқауы қортындыланып, байқау жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ екі шақырымға жүгіруден желаяқтар жарысы және т.б спорттық ойындар ұйымдастырылды. Естеліктер айтылып айтыскер ақын Әбілқайыр Әбілпаттаұлының арнау өлеңдері оқылды.
Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл
Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы жазушы, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті суреткері Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Бала Шоқан» атты повестіне арналған танымдық бейнероликтерін ұсынды.
Жазушы туралы мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке үйрету, өнерге деген қызығушылығын арттыру, таным қабілеттерін, шығармашылығын дамыту мақсатында өте әдемі туынды көпшілікке жол тартты.
«Сауран думан» шарықтаған кеш
Қандөз ауылдық клуб үйі ұйымдастыруымен Қандөз ауылының тумасы, әнші-композитор, ғалым Сауран Елеуовтың «Сауран думан» атты отбасылық онлайн концерті көрермендерге жол тартты.
Елге еңбегі сіңген композитор жанды дауыста ән шырқап, өнер сүйеу қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жалпы Сауран Елеуовтың есімі Сыр жұртына ғана емес, елге танымал екені рас. Өнер адамының биігі тыңдармандарымен қауышып, ыстық ықыласына бөленгені ғой, сондықтан сазгердің сазды әндері көрермендеріне тағы бір рет ұсынылды.
Жалпы алғанда аудандағы іс-шаралар осылай жүйеленді. Әлі де елдің рухын асқақтатар кештер өтеді, рет-ретімен ақпараттандыратын боламыз.
Асел