Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ізденістерге толы жол

Ізденістерге толы жол

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады». Мағжан Жұмабаевтың осы бір қанатты сөзін ойға түйіп, ұстаз мәртебесін асқақтатқан аудан әкімі ұстаздар мерекесінде ізденіс жолындағы үздік ұстаздарды марапат мінберіне көтеріп, мерейін арттырды. Солардың қатарында 31 жылдық еңбек өтілі бар Гүлбазар Боранбаева да бар.

№195 мектеп-гимназиясының хи­мия-биология пәнінің мұғалімі Гүл­базар Боранбаеваның қарым-қа­бі­леті жайында мектеп директоры Жанат Жүсіповадан білдік.
– ХХІ ғасырда экономикасы озық елдердің басты драйвері білім мен ғылым. Дамыған отыздыққа енуді мақсат еткен еліміз білім беру саласын түбегейлі жаңартып, заманауи білім дағдысын қалыптастыруының басты мақсаты осында жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында негізгі міндеттерді жүктеп, ұстаздардың ізденісін арттыруды талап етті. Осы тұрғыда айтар болсақ, Гүлбазардың еңбегі көпке үлгі. Білікті ұстаз әріптестестерімен тәжірибе бөлісіп, буын сабақтастығына мән беріп жүреді, – деді мектеп директоры.
Талай дарынды жастарды тәрбиелеп, ғылым мен білім саласына үлес қосты. Оның тәрбиелеген шәкірттері елдің түкпір-түкпірінде қызмет етуде.  Бүгінде шәкірттері әріптесіне айналды. Жас тәлімгер Динара Нысанбаева пен Мұрат Сәмидиновке сынып жетекшісі болса, қазір тәжірибе алмасатын мұғалімдер.
– Химия мен биология пәні қиын­дау сабақ көрінгенімен, тереңдеп білім алуыма ұстазымның пәнге деген қызығушылығымды арттыруы себеп болды. Гүлбазар апайдың әрбір сабағы менің жүрегімде қалды. Ол кісіге қарап бой түзеп, мамандығымды ұстаздықпен байланыстырдым. Бүгінде ұстазыма деген ізеттілігім артып, мұғалімдік қиын да қызық жолда осы бағытты үлгі тұтып келемін, – дейді бастауыш сынып ұстазы Динара Нысанбаева.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында қызметте жүрген Асқар Рақышов та ұстазының мерейінің үстем болып жатқанына дән риза. Талай талапты жастардың жүрегіне білім шырағын жағып, үміт сыйлаған ұстаздың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігі бір төбе.
Педагогикалық шеберлік ор­та­лығының «Жаңа бастама. Жаңа идеялар. Жаңа қадамдар» тақы­ры­бында өткізілген облыстық фо­румда сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеге енгізу аясында өткізіп, тың идеялар мен кәсіби шеберлік көрсеткені үшін «Алғыс хат» иеленді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бастауыш сынып оқу­шыларына арналған олимпиада орталығының арнайы дипломымен марапатталды. «Жаңа дәуірдің мек­тебі» Х халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында, «Руха­ни жаңғыру – жаңа дәуірге за­манауи көзқарас» атты конфе­ренцияда үздік ұстаз қатарынан көрінді. Орта білімдегі үш тілді оқыту аясында «Биология. Химия. Физика. Информатика» пәні оқытушыларының біліктілігін көтеру шеңберінде С1 деңгейі бойынша курстан өткендігі жайлы сертификаты бар.
Гүлбазар Боранбаева жайлы сөз еткенде ері Талғат Зейдалиев жайлы айту керек. Мемлекеттік қызметтің өзіндік қиындығы бар десек, ерінің алансыз жұмыс жа­сауында Гүлбазардың еңбегі зор. Ол мектеп өмірімен қатар отбасылық құндылыққа жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше маңыз береді. Отбасында екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, олардың өмірде өз жолын табуына тілеулес болып отырады. Әкесінің абыройын асқақтатып, ана­­сының үмітін жалғаған ұрпағы елге қызмет ете бастады. Тұңғышы Арайлым аудандық аруханада терапевт, Жамбылы Қыраш ауы­лындағы әкімдікте бас маман. Ал кенжесі Аружан 11-сыныпта оқиды. Келіні Үміт Мұқаш №195 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Отбасында қазақы тәрбиені берік ұстанатын жандар әркез құрмет мен ізеттіліктен танған емес.
Биылғы жылы Гүлбазар Жарыл­қасынқызы үшін табысты жыл бол­ды. Жуырда ғана облыстық білім басқармасының «Құрмет» гра­мота­сымен марапатталса, ұстаз­дар күні аудан әкімінің «Алғыс хатын» алды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
06 қазан 2020 ж. 547 0