Ұлт құндылығының негізі
Отбасы – Отанның тірегі. Қазақ отбасының ұстынын қалайтын ұлы құндылықтар оның ғасырлық тарихынан арна тартып, кешеге дейін жалғасып келді. Жетпіс жыл бойы үстемдік еткен кеңестік империя бізді сол асыл дәстүрімізден ажыратып, даңғыл жолымыздан адастырғаны да жасырын емес.
Отбасының негізгі ұстыны – ата-ана, әке-шеше. Осы екеуі алып бәйтеректің тамыры болса одан тарайтын ұрпақтар оның сабақтары сынды, өзекке құрт түспеген ағаштан таза жеміс гүлдеп шығады.
Жанұяда ана – ерекше ықылас иесі. Отбасына жылу шашып, жүрегінің шуағымен алтын босағасының берекесін бекемдеп, ынтымақ-бірлігіне берік негіз қалайтын солар. Ал әкені асқар тауға теңеуімізлің мәні оның әманда асқақ тұрар биік болмысында. Сол бітімімен ол отбасының бүкіл тыныс-тіршілігіне тұтқа болып, салмақты саясатын нық ұстай алады. Әкенің әр сөзі,жүріс-тұрысы, айналамен қарым-қатынасы, өнеге-өрісі жас өскін санасында терең орнығары белгілі. Өйткені бала санасы айнала дүниені үздіксіз қабылдап жатыр. Оның ең алғашқы тәрбиешісі – ата мен ана.
Бала мінез-құлқының қалыптасуында алдында өсіп келе жатқан бауырлардың да ролі зор. Қазақ бұған «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе соңғысы сонда барады» деп әдемі теңеу айтқан. Олай болса бала ата-анадан соң өзінің алдындағы аға-апаларының салт-сана, тағылым-талабын үлгі тұтып, сол жолмен жүретінін де ұмыипау керек.
Отбасы – үш ұрпақты тоғыстыратын алтын ұя. Мәселе одан әркімнің өз орнын меншіктеуінде ғана емес, оны тұрақты орнықтыра алуы да керек.
Бүгінде отбасылардың ажырасу жағдайларының азаймай отырғаны алаңдатарлық жайт. Оның бірден-бір себебі – әке мен шешенің өз қарақан басын ғана ойлайтын өзімшілдік мінез-құлқында. Яғни ата-ана эгоист. Осындай өзімшілдікке салынған ер мен әйел өздерінен көктеп-көгерген көкөрімнің келешегіне балта шауып жатқанына, қолдан тірі жетім атандырып, сәби жүрегіне жазылмас жара саларын саналылықпен мойындамайтыны қасірет болып тұр. Ал турасында бала тағдыры бәрінен маңызды. Ата-ана сол жолда тіпті өз қалауын құрбан етуге де дайын болу керек. Сол кезде шаңырақ қазығы шайқалмай төрт қанаты тұғырынан таймас еді.
Енді отбасында туындайтын азды-көпті кикілжіңдердің туындау сесебіне тоқталайық. Адам баласына көрсетілген анық жол, айқын бағдардан адасу алдымен ата-ананың кемшілігінен болса керек. Отбасында үлкендер баласына жақсы бол дейді. Бірақ сол жақсы мен жаманның аражігін өздері де ажырата алмай жататыны қиын. Содан кейін балаға қойылаты негізсіз талаптың оның өміріне жақсылықтан гөрі кінәраты басым болып жататыны содан болса керек. Баланың жүрек қалауымен санаспай оны өзінің шамасы келмейтін жоғары оқу орындарына тықпалау қоғам болып дендеп отырған ахуал. Кез келген мамандықтың құдыреті оны сүйіп атқаруда екенін алдымен үлкендер мойындайтын кез келді. Бақуатты ата-ана баласын шет елде оқытуды бедел санайды. Өмірге көзін ашпай жатып бөтен елдің білімін ғана емес салт-санасын бойға сіңіріп, әдет-дағдысына бейімделген тұлға бірте-бірте табиғатынан ажырап, дүбара адамға айналарын олардың қайтып елге оралғысы келмей кежегесі кейін тартып тұрар кескін келбетінен тануға болар.
Жаһандану кезеңі адам санасын өзгертті. Оның ең басты белгісі – адамды қатыгездікке баулуы дер едік. Мұның аржағында айқын бір мүдде жатқанын да ойлану керек. Ең қорқыныштысы - адам өмірінің құнсыздануы, ал оған салқынқанды қарап,санасы селт етпейтін қатыгез ұрпақ қайдан шықты? Интернеттегі сансыз сойқан оқиғаларға құрылған құбыжық фильмдер жас ұрпақты осы бағытқа тәрбиелеуде. «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы, ойында жоқ олардың шариғатқа шаласы» деген Абай қауіп еткен заман лебін «Интернетке тәуелді талай қазақ баласы, ар жағында тұнып тұр саясаттың шаласы» деп өрнектеуге тура келеді.
Әрбір сәби арнайы егілген ұрық секілді. Ұрық болмаса дән өспейді. Ал осы ұрпағымыз ізгілікті болып өсу үшін оған тәрбие беретін ата-ана зиялы болу керек. Зиялылық деген – судың тұнығы, күннің нұры,айдың сәулесі.Бүгінгі рухани жаңғыру кезеңінде біз осы асылымызды айшықтап, қайта қауышуға бет бұрдық.
Рухани жаңғырудың басты кілті – «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген Абайға жүгіну. Өйткені Абай дегеніміз – қазақтың өзі. Абайдың негізгі тамыры – қазақ. Абай нәр алған қайнар көз - ұлы даланың фольклордық мұрасы. Қазақ көп мазмұнды жұмбақ етіп қара сөзге қалдырып кеткен. Дүниені танып сүйсінудің атасы – ауыз әдебиетінде жатыр. Жаратушының адам баласына жіберген жолдауы сөз арқылы жүрекке орнығады. Сөз – жүрекке түскен сәуле. Олай болса әр шаңырақта Абайды оқу, Әуезовке оралу, қазақтың қарасөзінің хас шеберлерінің еңбектерін парақтап, ұрпағының бойына сіңіру – әр ата-ананың міндеті. Елбасы айтқан «Компьютерде отырған баланы кітап оқитын ұланның басқаратын күні туады» деуінің астарында осындай ақиқат жатыр.
Орнықты отбасы – әдепті әулеттің негізін қалайды. Осының барлығын ұйыстырып отыратын ақсақалдар институты қазақта ежелден болған. Ол мықты болып тұрғанда қазақты дау да, жау да ала алмайды. Осыны білген коммунистер алдымен елді осындай құндылықтан айырудың амалын тауып, көзі ашық, көкірегі ояу ел ағаларын түрлі айыпқа тағып, «халық жауы» деп қуғындағаны, итжеккенге айдап, халықты егесіз қалдырғандағы мақсат ағасы жоқ елді аздырудың алғашқы айласы болатын. Бүгінгі күні тәрбиемізді бүтін жолға қойып, береке мен бірлікке қауышудың жолы – осы ата дәстүрімізді ұлықтап, ұстын етіп алуға мүдделік танытуға тиіспіз.
Баян ҮСЕЙІНОВА