№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "ӘКЕҢЕ АЙТАМЫН": ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰТЫМДЫ ТҰС

"ӘКЕҢЕ АЙТАМЫН": ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰТЫМДЫ ТҰС


 
«Әкеге қарап ұл өсер»...Бүгінгі ұлдарымыздың телміргені теледидар. Әсіресе, сенбі-жексенбі күндері берілетін бағдарламаларға зер салсақ. Ас мәзірін даярлайтын бағдарлама жүргізушілерінің барлығы дерлік еркек кіндік. Оған қонақ болып, ас әзірлеп жатқанда ер жігіт. Жұдырықтай қолымен сәбіз турап, салат жасайды. Бір қараған адамға қалыпты жағдай. Дейтұрғанмен ер мен әйелдің қызмет ауысқан тұста, жанұяда бұрыс түсінік қалыптасады. Бұл тұста мына жайт құптарлық. Негізі еркек деген еркіндікті ұнатады. Демалыс күндері дария жағасынан балық аулап, таза ауада сорпасын сораптаса не қой сойып, кәуап қақтаса бұл ерге жарасымды. Сондай-ақ бұлардың қатарында жиын-тойларда қазан-қазан палау пісіретін көкелерімізге айтарымыз жоқ. Дәмі тіл үйіретін палаудан жемеген адам жоқ шығар. Хош. Бағдарламаға қайта оралсақ. Ас мәзірін даярлаушы қонақтардың басым бөлігі өнер жолындағы ерлер. Қазіргі жастарымыздың көбі сол «жұлдыздарға» еліктейді. Тақырыпқа тұздық.
Жақында әріптесіміздің әңгіме арасында айтқан бір ауыз сөзі үлкен ой тастады. Оның: «Қайбір күні күйеуім ас үй де жүр. Содан қарның аш па? қажетіңді  айтсаң әкеп береміз ғой»»,–деп ренішін білдірген сөздеріне  ішім жылып қалды. Яғни, ерінің тағам әзірлемек түгілі, ас үйге кіргенін намыс тұтып тұр. Асылында  ыдыс-аяққа, ас үйдің тірлігіне араласып, қазан-ошақ жағаласып жүру ер кісіге ерсі.
    Ия, бабалар болжамы бүгінде ақиқатқа айналуда.  Өткенге көз жүгірстек. Үстел басындағы төрде әкенің орны бар. Оған ешкім отырмайды. Дастарханның етек жағындағы ананың өз жайы. Балалары әкесі қашан наннан бір үзім үзіп бастамайынша тамаққа асауға кіріспейді. Соңыра отағасы ас қайырып «Әумин» демейінше тұрып кетпейді. Бұл дәстүр сабақтастығы барлық жанұяда орындалып жатыр деп айталмаймыз. Кім бірінші болады, өз батасына өзіне тұрып кете беретін отбасылар жетерлік.
  Қорыта айтқанда, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, ұл баланың көз алдындағы үлгі өнеге. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі не атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой»–деп мақтайды.  Міне, сондай өнегелі өрендеріміз көп болсын. Әманда «Әкеңе айтамын» деп бір ауыз сөзбен бала тәрбиелеген текті ұрпақтың тұқымы емес пе? 

Әбдісамат ӘБДІШ
07 қазан 2019 ж. 599 0