№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ананың ақ сүті

Халық арасында сонау ескі заманнан келе жатқан бір аңыз әңгімелердің желісі бойынша
Ертедегі аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүрген Жиренше шешеннің ақылды да ажарлы әйелі Қарашашқа ханның көзі түсіп, көңілі кетеді. Соны сезген Жиренше ханның назарынан қалай әйелін қорғап қалу жағын ойлап, басы әбден қатады. Содан әрі ойлап, бері ойлап тығырықтан шығар жол таппаған ол Қарашаштың өзіне келіп:
– Айналайын, Қарашаш! "Сені ханның "қармағынан" қалай сақтап қаламын?" деп басым қазандай болды. Еш жолын таппай қиналып жүрмін. Ақыл қоспасаң болар емес, мен әбден титықтадым, – дейді.
– Е, мен оны күні бұрын ойлап қойғам. Ханнан құтылу еш қиын іс емес, – деп жауап қатады сүйікті жары Жиреншеге күлімдей қарап. – Сен ханды аң аулауға шақыр. Аңшылар тобын екі-үш күндік ұзақ, шалғай түзге алып кет. Әбден шаршап, азықтары таусылатын болсын. Сол кезде ханға менің омырау сүтіме иленген нанды жегіз. Сонымен шаруа бітеді, – деп ақыл қосады Қарашаш еш саспай.Жиренше барлығын әйелі айтқан­дай жасайды. Аң аулау бірнеше күн­дерге созылып, азық-түлік бітеді. Қарны ашқан ханға Жиренше дорба түбінде жатқан әйелінің пісірген нанын ұсынады. Әлгі нанды жеп отырып хан:
Қанша жыл ел билесем де тура мынадай дәмді нан жеген емеспін. Бұл өзі қандай нан? – деп Жиреншеге сұрақ қояды. Жиренше ештеңені бүкпей, бар шындықты жайып салады. Сол сәтте хан атынан домалап түсіп, Жиреншеден кешірім сұрайды. Өйткені өзі сыртынан ғашық болып жүрген сұлу әйел Қарашаш бір сәтте-ақ абайсызда оның анасына айналады. Ананың ақ сүтінен қасиетті, одан артық бұл дүниеде ештеңенің жоқ екенін білетін хан Қарашаштың алдында борышкер екенін сезініп, бұрынғы райынан қайтып, қалған өмірінде оны анасымен қатар қойып, сыйлап өтіпті. Міне, халық арасында сақталып қалған аңыз-әңгіме осылай деп сыр шертеді. Ақылға салсақ, бұл кімді болса да ойландыратын философиялық терең мәні бар салмақты, мәнді әңгіме.
Ана сүті! Кім болмасын, дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап ана омырауын, ана кеудесін іздейді. Ананың өз ішінен шыққан перзентіне деген ерекше сезім-мейірінен бүкіл денесі иіп, оның кеудесінен тамшылап шыққан ақ сүті-уызы сәби ерніне тиеді. Ана сүтімен қауқарсыз қызылшақа сәби қоректеніп, бірте-бірте бойына күш-қайрат жиып, өсіп, дамиды. Ана сүті көмегімен әртүрлі ауруларға қарсы тұру қасиеті өсе түседі.
Қазақта "Уызға жарымаған" деген сөз бар. Ол әдетте, әлжуаз, нәзік, бос боркемік болып өскен, иіні жұмсақ, жалтақ адамдарға айтылады. Әдетте, ана сүтін емген бала мейірімді, бауырмал, жаны таза, адами қасиеті жоғары болып қалыптасады.
Ананың ақ сүтін, ананың еңбегін бағалау, оның алдында перзенттік парызды сезіну саналы, түйсігі бар жанға үлкен жүк. Ананың ақ сүті алдында кім болмасын бас иіп, борыштық сезім туындайтыны заңдылық......

Зәуре Дәулетованың парақшасынан алынды
29 тамыз 2020 ж. 709 0