№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Әзірет Сұлтанның қылуеті

Әзірет Сұлтанның қылуеті

Қожа Ахмет Яссауи алпыс үш жасқа келген соң, «Пайғамбар жасына келдім, енді дүниенің дау-шарына араласқаным жөн болмас. Қалған ғұмырымды құлшылықпен өткізейін» деп қылуетке түсті. Мұны естіген жұрт: «Өзін қапасқа қамап не көрінген?» деп күңкілдеді. Бұл сөз медресеге енді келіп жатқан кейбір шəкірттеріне ауыр тиді. Мансұр есімді бір мүриді қылуетке барып: – Тақсыр, адам бойы əрең сиятын қылуетке кіріптар боп, өзіңізді неге қинайсыз, кең дүние жетпеді ме? – деді. Əзірет Сұлтан үндемеді. Ымдап, қасына шақырды. Мансұр қылуетке кіріп еді, тар бөлме шексіз кең, жарық əлемге айналып шыға келді. Шəкірт таң қалып: – Ұстаз-ау, сіз отырған жер дүниеден кең ғой, – деп таң қалды. – Құдайдың кереметінде шек бар ма? Көкірегі кең адамға көр іші де кең болар, пейілі тар кісі үшін кең сарай тар қапасқа айналар, – депті.
⠀
«Яссауи феномені» кітабынан
26 тамыз 2020 ж. 613 0