№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Абайды әлемге танытқан – Әуезов. Әуезовті әлемге танытқан – Құнанбай

Абайды әлемге танытқан – Әуезов. Әуезовті әлемге танытқан – Құнанбай

Күллі қазақтың, күллі өркениеттің жарық шамына айналып кеткен Абайдың әкесі Құнанбай тегінен текті, би әрі шешен, мінезі мен ерге тән қасиеттілігімен елден ерекше болған.
Тумысы мен болмысы бөлек Құнанбайдың ұлы адамға айналуы бертін келе емес, бала күнінде-ақ сезілген. Жидебайға бара қалсаңыз мына бір аңызды халық жаппай айтып береді.
Тегінде Құнанбай бала, анасы Зере қолынан жетектеп алып бата сұрауға алыстан ат терлете отырып Кеңгірбай биге барған. Ол кезде Кеңгірбай бидің атағы аспандап тұрған кез. Оның оң батасын алу екінің бірінің қолынан келе бермесе керек.
Есіктен төрге жол алып, бата сұрай келген Зереге қараған Кеңгірбай жанында тұрған жас балаға ұзақ қадалып қараса керек, кейін үнсіз отырып батасын беріпті. Бірақ «Тоғыз ата толғанша, түңлігіңді ешкім ашпасын» деп теріс батасын берген дейді.
Аталы сөздің астарын түсінген Зере ана көз жасын көл қылып үйіне қайтқан. Бірақ дәретсіз Құнанбайды емізбеген ананың жүрегі қайта-қайта осы үйге тартқан болу керек, екінші рет қайта келіп бата сұраған.
Кеңгірбай тағы да сол батасын беріп, есіктен үнсіз шығарып салған. Көңілі құлазған ана намысын ысырып, би алдында баласының бағын ашу үшін үшінші рет қайта келеді. Осы жолы да сол батаны алып, үміті үзіліп, еңіреген күйі далаға қарай кетіп бара жатқанда, артынан қарап тұрған Кеңгірбайдың бәйбішесі: «Құдай-ау мұның не?
Бір емес, екі емес, үшінші рет келіп отырған Зеренің баласына батаңды қимадың ба?!» десе биекең: «Тәйт, сен әліптің артын бақпай сөйлеме.
Сыртқа шығып артынан қарашы» деп бұйырады. Бәйбіше есік алдына шығып Зере мен Құнанбайдың артында кетіп бара жатқан екі итті көріп: «Ертіп бара жатқан екі итті айтасың ба?»– дегенде барып: «Бұл екеуі ит емес, күшік күнінен өсірген арландарым.
Бұлар екеу емес төртеу еді, мына Зеренің баласына төртеудің екеуі еріп барады. Бұл тегін емес. Мен теріс батамды берген күннің өзінде, ол менің екі қасиетімді әкетіп барады, менің де ұрпағыма бірдеңе қалсын дегенім»,– деп, қысқа қайырыпты.
Бұл аңыз Құнанбайдың бойындағы қасиеті мен тектілігін көрсетсе керек. Бүкіл бір алаштың аңызына айналар осынау аңыз бір Құнанбайдың алпыс екі тамырына сіңген ерекше қасиетін бөлшектемей-ақ жеткізіп тұрған жоқ па?!



19 тамыз 2020 ж. 841 0