№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 42 500:17 тамызда жұмысын бастамайтын кәсіпкерлергетөлене ме?

42 500:17 тамызда жұмысын бастамайтын кәсіпкерлергетөлене ме?

17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мысалы, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз», – деді «Атамекен» төрағасының орынбасары.   Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің кредитін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.
Эльдар Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.
Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары Қазақстанда карантиннің салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.
17 тамыз 2020 ж. 254 0