Жыраулар поэзиясы – рухани жаңғырудың нақ өзі
Қазақ сөз өнерінің асыл жауһарын «Бес ғасыр жырлайды» кітабынан алуға болады. Рухани қазыналы кітапты қолға қайта алып, ата-бабаның тағылымды жолы, тағдырлы тауқыметі жайлы түсіне түстім.
1984-1985 жылы үш том болып жарыққа шығады. Сұраныс артып, 1989 жылы екі том болып қайта баспа көреді. Онда XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары топтастырылды. Бірінші томда Асан қайғыдан бастап Біржан салға дейін белгілі ақын-жыраулардың мұрасы жинақталды. Ал екінші томында ЫбырайАлтынсариннен Сұлтанмахмұт Торайғыровқа дейінгі белгілі ақындардың шығармалары іріктеліп алынды.
Кітаптың бірінші томы жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығармаларынан басталады. Жыраулық поэзия біздің дәуірімізге ауызша жетті. XV ғасырдан бастап қазақ халқының төл мәдениеті, дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар өз өлең, толғауларында адамгершілік, адалдық қасиетін сақтау, мемлекетті нығайту және т.б тақырыптарды көтереді.
Елдікті жырлаған жыраулардың ішінде Асан қайғының шоқтығы биік. Жырау Ұлы Даланың негізгі аймағын қолда ұстап қалудың бірден-бір жолы – Керей мен Жəнібек сұлтандарды қолдау арқылы жүзеге асатынын жақсы түсінді. Сондықтан Қазақ хандығын нығайтып, өрісін кеңейтуде үлес қосып, елдік іс жолында көрегендік таныта білді. Хан мен бұқара арасындағы берік байланысқа, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарына араласты. Қысқасы, Асан қайғы өз заманының сөзі өтімді саяси тұлғасы болды.
Қажет кезде ханға дат айтып, халықтың ойын жеткізіп отырды. Оны мына өлеңінен көруге болады:
– Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің.
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің?
Құладың құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Ей, Жәнібек, ойласаң...
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсің!
Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары халықтың мазасын алған шақ. Ол кезде Ноғай ордасының іргесі сейіліп, орыстар Сібірге көз салып, әлемдік геосаяси карта жаңа бағытқа бұрылған кез. Асан қайғының ханға датынан осындай астарлы, өзекті мәселелерді көруге болады.
Бұл – оның адамдық, азаматтық ісі. Бұл – оның Ұлы дала елін бірегейлікте сақтап, дамудың жолын іздеуі деп түсінген абзал.
Ұлы дала елінде жайлы жер іздеген абыз жырау:
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсің?
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін?
Көшіп-қонып жүрмеген,
Жер қадірін не білсін?
Көшсе кона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылына көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін? – деп жердің қасиетін тануға шақырады. Жыраудың ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, ол – «Жерұйық». Бүгінгі біздің тілмен айтқанда «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштасады.
Асан қайғының рухани мұрасынан кемелділікке жетудің жолын салыстырмалы түрде саралап, егжей-тегжей талдап береді. Мәселен, «Не жетіспейді, не ғаріп?» өлеңін алайық.
– Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса;
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас көрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса ол ғаріп, – деп бідің бүгінгі өмірімізді дәл суреттегендей.
Жалпы Асан қайғының бізге жеткен мұраларын жан-жақты зерттеп, зерделеп, онымен жастардың сусындауына жағдай жасау керек. Себебі жыраудың жауһан жырлары – елдікті жырлайды.
Айта кететіні, дерек көздерінен қазақ халқын қалыптастырушы саяси тұлға Сыр өңірінде, оның ішінде, Шиелі ауданындағы Оқшы ата мазар кешенінде жерленгенін білдім. Алдағы күндері Асан қайғыға зиярат етіп, рухына Құран бағыштап қайту негізгі мақсатыма айналды.
Міне, «Бес ғасыр жырлайды» кітабын оқығаннан кейін бойға тоқыған тағылымым осы...
Алдағы уақытта өзге жыраулардың рухани мұрасына бөлек-бөлек тоқталуды жөн көріп отырмын. Себебі жыраулар поязиясы – рухани жаңғырудың нақ өзі.
Айжан ЫДЫРЫС