Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТУ МАҢЫЗДЫЛЫҚ

ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТУ МАҢЫЗДЫЛЫҚ

  Жасыратыны жоқ, ғасырлар бойы тот шалмас алтындай жарқыраған жыраулық-жыршылық дәстүрдің жалғасын Жаңақорғанда іздегеніме біраз болған-ды. Тіпті, «бізде жыраулық мектептің өкілдері бар ма?» – деген сұрақтың бір ұшы қылтиған еді. Бұған жауапты Аққорған ауылдық округінде өткен «Үзігін жырдың жалғаған...» атты облыстық дастан орындаушылар байқауында білдім.
Тұңғыш Президенттің «Болашақ-
қа бағдар: рухани жаңғыру» жә-
не «Ұлы даланың жеті қыры» ат-
ты бағдарламалық мақалалары аясын-
да облыстық халық шығармашы-
лығын дамыту және мәдени-продю-
серлік орталығы, аудандық мәде-
ниет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға аудандар мен Қызылорда қаласынан он төрт орындаушы қатысты. Бай-
қауды ашқан аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Жыраулар поэзиясы – ауызша және жазбаша сөз өнері поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы. Қазақ мәдениетінің көшпелі тұрмыс аясындағы сипатында адамгершілік тәрбиесі маңызды орын алады. Қазақ әдебиеті ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленеді. Жалпы, жыраулар ел өмірінде ерекше идеология-
лық рөл атқарды. Олар қанкешті соғыстарға араласып, қаһармандық ерлік көрсетті. Ханның ақылшысына, кеңесшісіне айналды. Билік пен бұқараның дәнекері болды, – деп дастан орындаушыларға сәттілік тіледі.
Жыраулық өнер Сырдың төмен­гі ағысында жақсы сақталған ғой! Қармақшыдан үш жырау қатыс­ты. «Ең жас жыршы» ретін-де танылған 11 жасар Арай Оңғарқызы «Көрұғылы» дастанынан үзінді орындап, көпшілікті тәнті етті. Қазалыдан келген 9 жастағы Балауса Мылтықбай «Ер Тарғын» дастанын орындады. Жаңақорғанның атынан қатысқан Аружан Әбілтай ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Шаһнамасын» айтты.
Туған жерді, елді, Отанды қор­ғауға үндеп, елді бірлікке шақырған, адамгершілік қасиетті насихаттаған жыршылар тарихи сананы жаңғыртып, ұлттық рухты асқақтата түсті. Расында, қазақ шежіресінің өтпелі кезеңдеріндегі түйдек-түйдек тарихын қамтыған жырларды аққорғандықтар тапжылмай тыңдады.
Байқауда төрелік еткендер жыршы Ақмарал Ноғайбаева, жырау Майра Сәрсенбаева және тер­меші Ғалымжан Омаровтың талқы таразысы бойынша бас жүлдені Қызыл­орда қаласынан келген Үкіт­ай Ерниязоваға бұйырды. Бірінші орынға жерлес Аружан Әбілтай және Арал ауданынан келген Гүл­жамал Бейсова лайықты болды. Жүлдегерлер қатарынан қаза­лылық Балауса Мылтықбай және сырдариялық Алмат Өтеуов, қар­мақшылық Алмат Азаматов, арал­дық Ақдана Жанділ­даева және Қызылорда қаласынан келген Қуа­ныш Алғазиев көрінді.
Мазмұнды шараны тізгіндеген белгілі жыршы, Қорқыт ата мұра­ларын насихаттаушы Марат Сүгір­баев:
– Заманалар жасаған көркем сөз кестелері, асқақ арман, ұшқыр қиял жемістері – халық өнерпаздары жаса­­ған өлмес, өшпес мәңгілік мұ­рамен өлшейді, бағалайды. Осы тұр­ғыдан келгенде жыршылық өнер­дің рухани кеңістікті байыту орны ерекше. Қазір жер-жерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясын­да жыраулық өнер наси­хатталуда. Әрине, бұған қуанамыз. Бірақ, дәстүрлі өнерді байқаулармен ғана дамыту әбестік. Ол үшін мектептерде жыраулық үйірмелер жолға қойылып, жоғары оқу орындарында кәсіби білікті маман есебінде оқып, білім алуын қадағалауымыз керек, – деді.
Байқауды қорытындылаған Аққор­ған ауылдық округінің әкі­мі Сардармұхамедали Сады­қовтың айтуынша, жыраулар өздерінің поэтикалық монолог-толғау­ларын­да маңызды мемлекеттік пробле­малармен қатар, адамгершілік, адалдық, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады. Ендеше жыраулық дәстүрді насихаттау маңызды жұмыс.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
11 маусым 2019 ж. 1 365 0