№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Орыспен дос болсаң, "айбалтаң" жаныңда болсын!

Орыспен дос болсаң, "айбалтаң" жаныңда болсын!

Орыспен дос болсаң, "айбалтаң" жаныңда болсын!
Қызық ә?! Неге айбалта, деймін да? Неге мысалға қылыш емес? Енді, қит етсе шауып тастауға ыңғайлы ғой?! Немесе неге қанжар емес? Дос боп, құшақтасып жүргенде анау арамдық жасаса, сұғып-сұғып жібер, бітті... Жо, мұның біреуін таңдамастан, неге айбалтаны айтып отыр?

Сөйтсем, мәселе қарудың өзінде емес, мән-символикасында екен.
Темірші-ұста Құлмендер айтады: Айбалта өзі соғыс қаруы емес. Хан ордасын күзететін нөкерлердің жарағы,-деп. Қайталап айтам, айбалтаны — хан, әміршіні күзететін гвардия ұстайды. Яғни скипетер секілді биліктің символы, мемлекеттің бір мысы, бұл дегенің.
Сонда, «орыспен дос болсаң, айбалтаң жаныңда болсын» дегенде, бабаларымыздың айтпағы:
— Орыспен одақтас болсаң, бір іс бастап жатсаң, ең әуелі мемлекеттілігіңе сақ бол. Мемлекеттігіңе титімдей қауіп келмесін дегені ғой, ә?!
Иә. Аталарымыз көрді ғой. Алтын Орда құлаған соң, ағайын аралық қырқыс көбейіп... Сондай аласапыран кезде қарсыластарын ықтыру үшін, Қырым, Қазан, Ноғай жұрты Мәскеуді дос көріп, одақтасқанымен, көп өтпей сол дос-орыстар әлгілерді мемлекеттігінен айырғанын. Отар етіп жібергенін. Айбалта туралы, осылай ойлаймын. Сіз не дейсіз?
20 шілде 2020 ж. 6 591 0