Жәрдемақының көлемі неге 42 500 теңге?
42500 деген не өзі? Неге тұп-тура 40 мың емес? Неге 50 мың деп, дөңгелете салмайды? Бұ цифр қайдан шықты? Түсіндіріп көрейін:
42500 деген сан — елдегі ең төменгі айлықтың көлемі. Бұл жерде төменгі айлықтың қандай қатысы ба, дейсіз бе? Ол былай ғой:
ТЖ-ға байланысты жұмысың жабылып, сені безсодержаниеге жіберді ме? Ақшасыз отырсың ба? Онда, Мемлекеттің — сенің анау жабылып қалған жұмыс берушің орнына айлық береді. Енді, қанша жалақы алдың, сондай көлемде бере алмайды. Біреудің айлығы 50 мың, біреудікі 200 мың. Алалау болып кетеді. Сондықтан, бәріне әділ болу үшін, елдегі ең төменгі айлықтың көрсеткішін негіз етіп алып, соны жәрдемақы ретінде берем, - дейді Үкіметің. 1 миллион адамға төлеп те тастады...
42 500- деген цифр қайдан алынғанын түсіндіңіз бе?
Ал енді жұмыс өмірінде істемегендерге төлемейміз,-деді министр. Неге? Мысалға сіз, ешқашан жұмыс істемеген адамға айлық бересіз бе?! Қайталап айтам – 42500 бұл айлық... Тек бұ жолы, жұмыс берушің шамасы келмей жатқан соң, айлықты Мемлекет өзі сол үшін төлеп беріп отыр. Бастысы жұмыс істеген болуың керек. Мейлі официально, неофициально бәрібір. Жұмыс істедің бе, 42 500-дік айлықты беріп жатыр.
Сосын... «42 500 төлемді алайын ба, жоқ па»,-деп шікірейіп, одолжение пост жазып жатқандарға, айтарым.
Егер бұл ақшаға мұқтаж болмасаңдар, алмай-ақ қойыңдар. Бұл 42 500 теңге — жұмыстан ақысыз демалысқа кетіп, үйде бір тиынсыз отырғандарға арналған ақша. Мемлекет —осы 42 500-ге еш болмаса картошка, вермишеліңді толтырып алшы,-деп беріп отыр.
Ал сенің аулаңда он шақты қой, ал тоңазытқышыңда 1 жілік ет, карточкіңде кемі 100 мың тг бар ма, онда — мүсәпірдің хақысына таласпаңдаршы.
«42500 теңге деген аз. Көбейту керек», деп көсемсіп жүрген біреуді білем. Иә, аз... Бірақ, түкке жетпейтіндей сорлы ақша емес. Ақын Мұхамеджан Тазабек -тің;
— Аузыңа ақ май әкеп бермесе де.
Үкімет өзегіңді талдырмайды,- деп келетін өлең жолы болушы еді ғой. Мынау 42 500 дегенің тура сол, өзегің талмасы үшін, аш қалмауың үшін, Мемлекеттің көрсетіп жатқан қамқорлығы...
Нұрбек БЕКБАУ,
фейсбуктағы парақшасынан