Сөз өнері – асыл өнер
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білген соң айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән мен күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді», – дейді.
Дәл айтылған сөз. Расында Құдай аузына сөз салмаса, бәрі бекер! Мың толғанып, жүз ойлансаң да көңілдегі ойды қағазға түсіре алмай қиналасың. Мақаланы ретін тауып бастағанымен негізгі желісін дамытып жазу оңай шаруа емес, ал оны қорытындылаудың қиындығы бір бөлек әңгіме. Бәрінен бұрын, сөз өнерінде ұлттық мінез, дара болмыс қажет. Онсыз жазу-сызудың қажеттілігі қанша?!
Сыншы Бағашар Тұрсынбайұлы: «Жазуда да мінез бар. Ол мінез – біз ойлағандай тұрмыстық дүниеде кездесіп жататын арсың-күрсің жүріс, басартқы-қашартқысы көп қылтың-сылтың болмыс емес, ішкі ұстанымы мықты, қанға сіңген дегдар қасиеттің қалам арқылы қағазға түскен асыл проекциясы. Құбылмалы сөз емес, құмығыңқы үн емес. Айқын ұстаным, тұрақты қасиет», – деп сөз өнерінің қиындығын дәріптейді.
Мінезі мен ойы үйлесім тапқан, сөзі мен ісі келіскен журналистер біздің «Жаңақорған тынысы» газетінде көптеп айтуға болады. Кеше көзін көрген қарымды қаламгерлер Айдархан Бибасаров, Адырбек Сопыбеков, Құдайберген Ертасов, Оразалы Мұсабековтың журналистік жолынан тәлім алдық. Бүгінде арамызда ақылшы болып жүрген Алмас Бекжігітов, Файзулла Сахиев, Ерубай Қалдыбек, Пахмадин Айнақожаев және Баян Үсейінованың үлкендік ақыл-кеңесі мен жазушылық қуатын сезініп жүрміз.
Алдыңғы буынның аманатына адалдық танытып, ізін басқан Әбдісамат Әбдіш, Әлібек Жарықбаев, Мақпал Марқабай, Айкерім Мырзахметова, Лаура Бибасарова, Айсұлу Алданазар, Майра Ғаниева және т.б еңбегін атау керек. Сондай-ақ газет өндірісінде Ерлан Абдрасилов, Жасұлан Сейдеметов, Орынбай Әбжалелов, Ғазиза Сәулебекова және Айнұр Сейдеметова, Жұпар Шаймерденованың өзіндік үлесі бар.
Кейінгі жылдары газеттің таралымы артып, мазмұндық деңгейі түрлене түсті. Әрине мұндай биікке шығуда шығармашылық ұжымды қолдап, қуаттап отырған аудан әкімдігіне, ішкі саясат бөліміне және ұстаздар қауымы мен ақ халатты абзал жандарға, барша аудан тұрғындарына алғыс білдіремін!
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ісіне адалдық танытып жүрген барша журналист-жазушыларды төл мерекемен құттықтаймын!
Елдік мұрат жолындағы бастамаларды жазып, халықтың рухани қолдаушысы бола біліңіздер!