№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысындағы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Ділмұхаммед Абизов, Өңірлік кеңес мүшесі Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев және Палата жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нурхожаев қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі аудандағы кәсіпкерліктің дамуына тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдаулардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жеңілдетілген несиелер мен гранттардың кәсіпкерліктің өркендеуіне оң әсер етіп отырғанын айтып, алдағы уақытта инвесторлар тарту арқылы жүзеге асырылатын жобалармен бөлісті.

Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов пен облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Ділмұхаммед Абизов өз сөздерінде ауданда кәсіпкерліктің қарқынды дамуын жоғары бағалап, аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Өз кезегінде аудан басшысы кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, ауданда кәсіп ашамын деген әрбір азаматқа барлық мүмкіндік жасалатынын жеткізді.
11 маусым 2026 ж. 660 0