№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Менің ақын Адырбек ағам

Менің ақын Адырбек ағам

Менің ақын Адырбек ағамен көзі тірісінде шығармашылық байланысым үзілген емес. Көптеген әндеріме өлең жазған. «Қайран менің қазағым», «Еркелетші»,«Бақытымды кездестірдім», «Тордағы бұлбұл» әндерім, «Айлы түнде», «Ұстаз аға» музыкалық ертегі «Ана-өмір тірегі», «Киелі мекен Шиелім» әндерімнің сөзін жазды. Ән жазудағы мәтін таңдауды үйреткен ұстаз ағам әрі шығармашылық байланыстағы әріптесім болып еді.

Оқырман қауымға айтайын дегенім, ақын аға ішкі дүниеңде не жатқанын айтқызбай-ақ білетін жан еді. «Тордағы бұлбұл» әнінің желісіне жазылған музыкалық ертегімнің либреттосы дайын болғанда таң қалдым. Мен айта алмаған бірақ жүрек түбінде тұнған сырды ақын аға дөп басып, келтіріп жазған. Ақын ағамыздың соңғы аманаты етіп жазып беріп кеткен «Отаным менің – Қазақстан» атты өлеңінің шығу тарихы жайлы тоқталсам деймін.
  Аудандық мәдениет үйінен Құралай Мұсахметова 8 желтоқсан күні таңертең телефон шалып, «Қызылорда қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты аудан күндері өтетінін, сол іс-шараға Адырбек ағайдың сөзіне жазылған Тәуелсіздік жай­лы сенің әнің керек», – деді. Мен ақын аға­ма телефон соғып мән-жайды түсіндіріп айттым. Ертеңіне ақын ағам мектепке келіп, өлеңді өз мақамына салып, оқып шықты да, қолыма ұстатты. Ұстатып тұрып, «Мәңгілік ел жайлы да жаздым, саған осы аманат» дегені есімде қалды. Ағай дәлізде жиналып тұрған мұғалімдермен әзіл әңгімесін айтып бізді бір күлдіріп алды да директорымыз Қалдыбай ағайдың кабинетіне кіріп бара жатты, бұл менің соңғы рет көруім еді. Бұл жөнінде мектеп директоры Қалдыбай Қошқарбаев: «Кабинетте кезекті бір оқушының ата-анасын қабылдап шығарып салғалы тұрғаным сол еді, есікті әдеттегі биязы мінезімен ашып, Адырбек ағам кіріп келді. Амандық сұрасып болған соң орындыққа отыруды ұсынып ем, жоқ, Қалдыбай, өнер-ордасына келіп тұратыным бар ғой, өзіңнің амандығыңды біліп кетейін деп кіріп тұрмын» деді. Ағаны қақпаға дейін шығарып салуға бара жатып, жолай «ініңізге не тапсырмаңыз бар? аға» - деп едім, пәлен деп ешнәрсе демеді. Сол күні шығарып салуым соңғы жүздесуім, мәңгілік қоштасуым екен ғой» деп өкінішпен еске алады. Әріптесі Айгүл Өтегенова да сағынышын жасыра алмай:
«Адырбек ағамен композитор, ұстаз Нағыз­хан Жаманбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын жинақтап, баспаға дайындауда бірлесіп жұмыс жасаған едім.
«Сол күні кабинетіме іздеп келгенінде, бой жазып жүрген соңғы қоштасу сәті екенін білсемші. Ағай өте ажарланып кеткен екен. Бексұлтан Байкенжеев екеуі айрылмас дос еді ғой. Бексұлтан ағай қайтқандағы Адырбек ағайдың жан күйзелісін тілмен жеткізе алмас едім. «Жақсыдан шарапат» дегендей, ағайдың сүйікті шәкірті, ізбасары болғандығымнан болар, Адырбек ағайдың маған да ықыласы зор еді. Ағайдың келуі кітабымызға демеушілік жасауға ниет білдірген ағайынды ғалымдар. Алияровтарға хабарласуыма түрткі болды. Кешкі сағат тоғыз жарым шамасында Адырбек ағайға қуанышты хабарды айтқанымда, «биылдан қалды ғой деп ойлап жүр едім, жақсы болған екен» деп қуанып қалды. Соңғы хабарласуым, соңғы көңіл марқайтқан сүйінші хабарым болған екен» – дейді сол күнді еске алып.
Адырбек ағай бүгінгі шығармашылық жұмысын ертеңге қалдырмайтын. 2-3 күнде бітіремін деп алып қалған жұмысты денсаулығына, егделігіне қарамастан ертеңіне өзі әкеліп тұратын. Жөнделген тұстары мен ескертпелерін қызыл бояумен, түсінікті етіп жазатын.
Үлкен жүректі, қарапайым, халықтың жүрегінен жол тапқан тума талант осындай ағаларымыздың ортамызда қарайып жүргенінің өзі медет еді. Жары Шарипа апа туралы «шығармашыл жандардың бабында болуы құдай қосқан қосағыңа тікелей байланысты» Бұл ретте Шарипаға қарыздармын дейтін. Расында, апай осындай құрметке ие жан.
Елін, жерін, отанын сүйген, өнерді бағалай білетін ақын аға Адырбек Сопыбековтың соңғы рет өнер ордасына келуін бой жазып бізбен қоштасуында алғы күнге аманат тапсыруды мақсат еткенін біз енді ғана ұғынғандаймыз.
«Бұл кездесу білгенім, еркімізден тыс күштердің бұйрығы екені, анық» деп ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай, өмірден озып бара жатқанда тапсырып кеткен аманатын - өлең-жырларын, шығармаларын келешек ұрпақтарымызға, шәкірттерімізге үйретіп, дәріптейміз. Ақын аға артында өшпейтін мұра қалдырды. «Өнер-мәңгілік» деген осы шығар.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында із қалдырған» демекші, ақын аға Адырбек Сопыбековтың адами тұлғасы, шығармалары жылдар өткен сайын биіктей бермек, ұмытылмақ емес.
Ақын ағаның соңғы аманатына қиянатым болмасын деп өз ойымды оқырманмен бөліскенді жөн көрдім.

Шарбану Жиенбаева,
аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебінің мұғалімі.

14 маусым 2020 ж. 564 0