№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » БЕЛГІЛІ ОПЕРА ӘНШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БЕЛГІЛІ ОПЕРА ӘНШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: «Опера әншісі Сыр өңірінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға атсалысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда», – деп мәлімдеді.
Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
08 маусым 2020 ж. 729 0