Әл-Фарабидің рухани әлемі
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды рөл атқарған әрі бүгінге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.
Ортағасырлық ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, қазіргі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы еуропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.
Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам философиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина, әл-Ғазали, Ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып келді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы рухани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Орта ғасыр ислам философтары Аристотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақ естен шыға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ойлауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәрбиеленді. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Батыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл – Батыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.
Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты биік жоғары деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иждихад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мәселелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.
Осындай аса маңызды айғақтарды айтып өтпей әл-Фарабидің ішкі рухани дүниесін ислам философиясы тарихындағы орны мен дәрежесін айту мүмкін емес.
Біз әртүрлі діни ғылымдар бойына өздерінің терең ойларымен белгілі болған орта ғасыр ислам философтарын еске алып салыстырар болсақ, орта ғасыр тарихшылары мен ғалымдарының философия тарихындағы Фарабидің дәрежесі олардың дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары екеніне сенімді болды. Фарабидің өздерінің идеологиялық қарсыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мәдениетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.
Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және александрлық философиялық мектептердің ойларынан қаншалықты айырмашылығы бар?
Әл-Фараби және оның ізбасарлары антикалық дәстүрді бойларына қалай сіңірді, әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антикалық философияның нақтырақ айтсақ, Аристотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді деген сұрақтар туады?
Біз әл-Фараби және оның ізбасарларының ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана комментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз. Қазіргі кездегі белгілі неміс философы Мартин Хайдеггер ортағасырлық мұсылман философтары жайлы айтқанда былай ой тұжырымдайды: «Әрине олардың (орта ғасыр философтары) Аристотель философиясын түсінбеді дегені жалған болар еді. Олар оның философиясын жаңа қырынан ғана көріп қоймай, оған жаңа мән мен талғам берді», – дейді.
Демек, әл-Фараби де және оның ізбасарларының да ежелгі грек философиясын соқыр таныммен зерттемей, оны терең түсіне білді.
Аристотель мен Платон философиясы арасында қайшылық бар, бірақ күмәнсіз, оның себебі әл-Фарабидің оларды дұрыс аудармағанында емес. Әл-Фараби жаңа философиялық түсініктер орната отырып соларға сай нәтижелерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында байқай аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл-Фарабидің философиялық принциптері мен философиялық көзқарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қаралады, әрине дін бұл жерде ерекше философиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен филсофия сонау софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарастырылып келді. Сократқа тағылған айыптардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, онымен санаспауында еді (яғни, ол философияны діннен жоғары қойды).
Бірақ орта ғасырларда дін мен философияның бірлігі мәселесі ислам философиясындағы алдыңғы тақырыптардың бірі болды. Әл-Кинди әл-Фарабидің ойына қарсы пікір айта отырып, философия мен дін екі түрлі қарама-қарсы күштер және олар дүниені түсіндіру мен ақиқатқа жету жолында әртүрлі позиция ұстанады деген ойда болды. Фарабидің ойынша философиялық ақиқат сияқты діни ақиқат та бар, бірақ бұл бір ақиқаттың екі түрлі көрінісі сияқты.
Философия арнайы заңдар мен аргументтер, дәлелдерге негізделіп жасалатын болса, ал дінде осындай айғақтар мен дәлелдердің үнделуі мен бұйырылуы түрінде көрініс береді. Жоғарыдағы сөздерді қорыта келе, әл-Фараби философияны дінмен салыстырғанда алғашқы бастама ретінде атап өтеді. Әл-Фараби бұл жерде философияның алғашқы бастама болуын оның ең бірінші әрі айқын артықшылығы етіп көрсетуге тырыспайды. Бірақ ол философияның дінмен салыстырғанда пайда болу уақыты тұрғысынан алғашқы болуымен қатар ол барлық жағынан діннен жоғары тұратынын айтып өтеді. Әл-Фараби тіршілікте философия мен дін арасында ешқандай қарам-қайшылық көрмегендігін көрсетеді. Оның басты мақсаты философия мен дінді татуластыру.
Осы ойлармен тығыз байланысты әл-Фарабиді екі маңызды сұрақ қатты толғандырған:
– Платон мен Аристотель философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоққа шығарып оларды татуластыру;
– Ислам дүниетанымы мен ежелгі грек философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоюға тырысқан.
Сол уақыттарда грек философиясына қарсы бағытталған басты сын Платон мен Аристотель арасындағы қарама-қайшылықтың бар екендігі еді. Егер философия біртұтас ақиқатты танымға әкеле алса, онда екі ең танымал философиялық жүйелер бір-біріне қалай қарсы тұрады? Егер олардың екеуі де ақиқатқа жетсе, онда олардың арасында ешқандай қайшылық болмауы тиіс еді; қарама-қайшылық бола тұра екі философиялық жүйе де дұрыс деп танылса, онда философияның жетілмегендігі мен ақиқатқа жеткізетін қабілетінің жоқтығын амалсыздан көрсетіп отыр – сол дәуірдегі философияны сынаудың бірінші бөлімі дәл осыдан тұрады.
Әл-Фараби осы сынға жауап ретінде «Әл-джам бейб фай әл-хасимет Ефлбум әл-иляхи уа Аристо» («Екі дана Құдіретті Платон мен Аристотель көзқарастарының бірлігі») кітабын жазады, ол кітабында Платон мен Аристотель арасындағы айырмашылық тілдің әртүрлі қолданулары мен екі философтың бір-біріне ұқсамайтын өмір сүру салттарында екендігін көрсетуге тырысты; негізі ойшылдардың философиялық көзқарастары мәні жағынан бірдей еді. Кітаптың басында әл-Фараби философияның пәні туралы айтады және ғылымға талдау жасайды, содан кейін Платон философиясынан қысқаша мазмұн келтіреді, ал кітаптың соңғы бөлімінде Аристотель философиясының негізгі сипаттамаларын көрсете келе, екі ойшылдың да ойларының бір-біріне ұқсайтындығын айтады.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығы, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанып, даңққа ие болғанын айтар болсақ, әл-Фараби жастайынан Ұлы Аристотель мен Платонның ерте дүниедегі Грекия философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар.
Әл-Фараби рухани әлемінің қалыптасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойларының теориялық қайнар көзі болды. Платонның (неоплатонизмнің) және Аристотельдің философиясы әл-Фарабидің философиясының теориялық негізі болғанымен, оның дүниетанымын тек қана платонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.
Әл-Фараби Аристотель мен Платонның, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Оның рухани әлемі, интеллектуалды деңгейі өз замандастарын таңғалдырады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, зер салмаған, ғылыми болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айтқандық емес.
Мәселен, әл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» еңбегінде Аристотель философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірін ортаға салды.
Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде, әл-Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап, ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, адамға, өз халқына деген таза махаббат, ғылым мен білімге деген құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді әл-Фараби.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
1930-1935 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Г.Эрланже француз тіліне аударған. Ол: «Фарабидің бұл еңбегін кейіннен араб тілінде жазған авторлардан артықшылығы жер мен көктей», деп жазса, ағылшынның қазіргі үлкен бір музыка зерттеушісі Г.Фармер «Музыканың үлкен кітабы» «Фараби орта ғасырлардағы музыка жөнінде жазған ең үлкен автор болды деген пікірімізді дәлелдеп отыр», деп жазды.
Енді әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық рухани дүниетанымына келетін болсақ, этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдіқ сұлулық хақында былай дейді: оның пікірінше, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысты нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік адамның денесі мен рухани жан дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: Бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек.
Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді.
Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.
Бір сөзбен айтқанда Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін өзі жетілдіріп отыруға тиіс екен, адам ақиқатты, тек айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары да, өзінің «Фусул ал-мадани» «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара-қатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» адам қоғамдарын талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны ең кішкене ұядан – отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ каланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандықка айналдырады.
Түйіндеп айтқанда, әл-Фарабидің ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі – адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.