№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Жаман әдеттер кісіге бірінші сырттан әсер жасайды.

Жаман әдеттер кісіге бірінші сырттан әсер жасайды.

   Жаман әдеттер кісіге  бірінші сырттан әсер жасайды. Мысалы, біздер көшеде, жұрт көзінше сүйіскенді қалаға барған соң көрдік. Ол бізге бірден әсер етті. Әдепкіде шошынып, солар үшін өзіміз ұялдық.

  Бірте – бірте етіміз үйреніп, қызыға бастадық. Қызығудың соңынан біз де солардай болып шыға келдік. Осы жерде мұсылмандық тәрбиенің ролі көрінеді. Егер аз да болса жас кезінде мұсылмандық тәрбие алған адам болса, әлгіндей сорақы әсерлерге қызықпақ былай тұрсын, одан бірден жиіркеніп, бойын аулақ ұстай алар еді. Бұл ақиқат. Мұсылмандықтың бір қыры – өзіңді жаман әдеттерден қорғай алатындығыңда.   
 
   Сондықтан да қазіргі таңда мұсылмандық тәрбие жастар үшін кезек күттірмейтін  ең негізгі қажеттілік болып отыр.  Ой – санасы әлі орныға қоймаған жас адам  қазіргі батыс өркениетінің аса қуатты сұмдықтарының  жойқын шабуылына  еш қарусыз, құр қол күйде ұшырап отыр. Оның тас – талқан боп жеңіліп, сол сұмдықтардың тұтқыны болып кетері даусыз.Қазіргі жасты тек дін (ислам діні) ғана құтқара алады. Басқа жол қалмады.

Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға әлдеқашан айналып кетті. Ей, ағайын, болашақты құтқарайық.

Абиболла ШЕР.

16 қаңтар 2019 ж. 915 0