Шығыстың ұлы ғұламасы
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы елімізде салтанатты бастау алды. Ғұлама ғалымның мерейтойына арналған дайындық өткен жылы басталып кеткен болатын. Бұл бағытта ауданға қарасты Екпінді ауылындағы №166 орта мектебінде «әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты апталық өз мәресіне жетті.
Аталмыш шараның өту бағытымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейірбек Тайшықов түсіндіріп өтті. «Өздеріңізге белгілі, әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ұлы ғалым. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырған, деді ол. Одан әрі пәлсапа мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеген ғалымды мектеп тәлімгерлері үлгі етіп, тың ойларын ортаға салып, дәріптеді.
Ал мектеп тәлімгері Олжас Ермаханов ғұлама ғалымның еңбектері мен шығармашылығы жайлы кітап көрмесін ұйымдастырды. «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай еліміздің түпкір-түпкірінде ауқымды шаралар өтуде. Бұл игі бастамадан №166 орта мектеп те қалыс қалмады. Арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, ғалымның ғылымдағы орны, еңбегі жайлы деректер қорын көрмеге ұсындық» дейді мектеп тәлімгері. Оқушылар әл-Фарабидің өмірбаянымен танысты. Оның дүние жүзі тарихындағы үлесін біліп, мол ақпаратқа қанықты. Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фарабиді өскелең ұрпақ насихаттасын, мұра тұтсын деген мақсатпен өткен апталыққа оқушылар өте белсенді қатысты.
Айта кету керек, апталық барысында 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары мен «Әл-Фараби әлемі» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Алма ПРМАНОВА,
мектеп кітапханашысы