Адамзаттың Абайы
Абай Құнанбайұлы әлем әдебиетінің жарық жұлдызы. Ақын адамдық қасиет еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Абай мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұра. Кеудесінде жүрегі«Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып, біліп, сезінуге міндетті. Бүгінде ғажайып талант иесін халық арасында дәріптеуге арналған шаралар жалғасып жатыр. Осындай тағылымға толы кеш орталық кітапханада өрбіді. Көппен бірге бізге де кеш қонағы болу бұйырыпты.
Абайдың сөзі – халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай – алты алаштың, исі қазақтың пайғамбары. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине бір орында қалып қойған жоқ. Үздіксіз өзгеру, жаңғыру, жаңару үстінде. Бүгінгі сәулелі мезетте кітапхана ұжымы мен Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің бірлескен «Абай дара, Абай дана қазақта» атты әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысында студент жастар өз өнерлерін ортаға салды.
Абай шығармашылығының жастар жүрегіндеқаншалықты орын алатындығын талқыға салған сайысқа Манап Көкенов атындағы өнер мектебінің директоры Уали Ибрагимов және оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Маржан Әлжановақазылық етті.
Абай сынды мың жылда бір дүниеге келетін ұлы тұлғаның өлеңдері тек өмірдің мәні мен мазмұнын ажырата алар әлеуметке кең түсінікті. Талантты жастар Абай шығармаларын сүйсіне оқыды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын мәнерлеп оқу кезеңінде Нұрсезім Үсенованың әртістік шеберлігі мен өлеңнің мазмұнын аша оқығаны бағалаушылар тарапынан үлкен қошеметке ие болып І орынды иемденсе, Нысанбай Дамир мен Сатымса Балбота өз жүйріктіктерін көрсетіп ІІ, ІІІ орындардан көрінді.
Әлем жұртшылығына Абай атамыз ақындық жағынан ғана емес, композиторлық жағынан да танылған. Жастар «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде композитордың әндерін шырқады. Солардың ішінде Әметхан Әбжанұлы «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп, қазылар алқасының оң бағасын алды. Шарада жас өрендер Абайды оқып қана қоймай , ұлы тұлғаға өз шығармаларын да арнады. Осындай жас таланттың бірі «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» кезеңінде ақындық қасиетімен ерекшеленген Камал Әсел үздік шығып, жеңімпаз деп танылды.
Үш кезеңде бақ сынаған қатысушылар орталық кітапхана директоры Әсемгүл Тілеубергенованың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Абайды танып, оның шығармашылығымен сусындап өскен өрендер өмір атты ағыста дұрыс бағытты таңдай алатынына ешкім шүбә келтірмесі анық. Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құюда аянбай тер төгіп жүрген, ұстаздар мен кітапхана ұжымының да еңбегі ақталды деуге болады.

Майра ҒАНИЕВА