№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әл-Фараби шәкірттер жүрегінде

Әл-Фараби шәкірттер жүрегінде


Адам болып дүниеге келген соң болашағына мақсат қоя біліп, соған жету үшін талпынған, және сол жолда адал еңбектенген адам – ең үлкен адам. Осы тұста өмірге жарық жұлдыз болып келіп, Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың есімі, мақсаты ерек, салған жолы дара жан ретінде тарихтың алтын қойнауында мәңгі сақтаулы.

Өмірдерегінде өзінің даналығы­мен жастайынан зерек, алғыр, сөзге шешен, тапқырлығымен көзге түсіп, Отырар қаласының бай кітапханасын аралап, ондағы ғұламалардың еңбегімен толықтай танысқандығы және Бағдад, Шаш, Бұхар қалаларында білімін жетілдіргені айтылған. Жас кезінен-ақ білімге құштарлығының арқасында араб, парсы, қытай, грек т.б жетпіске жуық тілдерді толық меңгеріп, ғылымның барлық саласына өз үлесін қосып, трактаттар жазып қалдырған. Сондай-ақ, құралайды көзге атқан мерген болғандығы жөнінде де мағлұматтар аз емес.
Энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі атанған ғұламаның өмір жолы мен еңбектерін, ұлылығын насихаттауды мақсат еткен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ұлы ұстаздың 1150 жылдығы жоғары деңгейде атап өтуді бастап кетті.
Осындай игі істердің бір парасы Өзгент ауылындағы №224 жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынкүл Пазылбекова, Бақытгүл Махамбетжанова, Гүлмира Алход­жа­ева, Әбдіхалықованың ұйым­дастыруымен «Ұлы ұстаздың – үлкен жолы» аталымымен апталық өтті. Апталықтың ашылу салтанатында бүкіл әлемге есімі мәшhүр болған ұлы тұлға Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен өшпес мұраға айналған еңбектері жайында оқушыларға баяндама тыңдап, ғұламаның кітаптарымен танысты. Оқушылар арнайы әзірленген Фараби өмірі жайлы деректі фильмдер мен бейнебаяндарды тамашалады. Апталықтың екінші күнінде сурет пәнінің мұғалімі Әсетов Мұхаммедәлі ағайдың жетекшілігімен «Әл-Фараби және Отырар өркениеті» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Мектебіміздің жас суретшілері бас қосқан бұл кезеңде нағыз қыл-қалам шеберіндей шығармашылық қырын таныта білген Қалкөз Ұлту, Әлеудин Иманғали, Тұрсынбек Жансезім, Қалкөз Гүлназ сынды оқушылардың салған суреттерін көрген ұстаздар қауымы көне Отырар мен ғұламаның бейнесін көзбен көргендей әсер алды.
Бұдан әрі оқушылардың ойлы, пайымды, зерек болып өсуі үшін еңбексүйгіш, ғылым-білімге құштар, ізгі асыл қасиеттерді бойға жинай білу керегін мақсат тұта отырып «Ұлы ұстаздың – үлкен жолы» атты интеллектуалдық сайыспен апталық өз жалғасын тапты. Сайыс барысында шәкірттер математика, музыка, физика, әдебиет, биология пәнінен білімдерін сынап, өздерінің білімге құштар екендігін дәлелдей білді.
Ал «Мен таныған Әл-Фараби» тақырыбында ғұлама өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыған оқушылар Фараби бабамыздың өсиет сөздерімен сусындап, рухани жан дүниелерін байытты. Апталыққа белсене қатысып, зеректік пен алғырлықты ұштастыра білген Сүлеймен Әсел, Оразбек Ақмаржан, Мақсұтхан Арайлым, Шыңғыс Бибіфатима, Зейдакпар Ардақ, Сүлеймен Іңкәр секілді оқушылар мектеп директоры Қыдырқожа Үсеновтың Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп қабырғасында мұндай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру енді өсіп келе жатқан жас шыбыққа күн нұрындай қажет бала бойына нағыз білімді, ізгі, асыл қасиеттерді жинай білуге баулитын құндылық екені айқын сезіліп тұрды.
Иә, Әбу Насыр бабамыздың ғылым жолына өз үлесін қосарда табанын тоздырып бүкіл әлемді шарлап, нағыз білімді жетік меңгеріп, әлемнің таңғажайып біз білмес құпия сырларын ашып бергендігі кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды асыл қазына деп ойлаймыз. Ендеше, оның аманат етіп қалдырған ұлы шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ауқымды мұраларын терең зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізе білу біздей жас ұстаздардың еншісінде.

Толқын ӘБІЛПАТТАҚЫЗЫ,
№224 жалпы орта мектептің пән мұғалімі
12 ақпан 2020 ж. 972 0