№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Бүгін айтыс ақтаңгерінің туған күні

Бүгін айтыс ақтаңгерінің туған күні

1929 жылдың 3 қаңтарында айтыс ақыны Көпбай Омаров дүниеге келді. Ол бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Сызған ауылында туған.
1950 жылы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педогогикалық институтын бітіріп сол жылдан бастап  ұстаздық қызметі бастаған. Осы салада үздіксіз 40 жыл еңбек еткен. Берен атындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір Көпбай Омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 1-орын алған. Бұдан кейінде талай айтыстардың жеңімпазы болды. Ол нағыз суырыпсалма ақын әрі асқақ үнді әнші. Тайжан, Нартай дәстүрін жалғастырып, жез сырнайға әсем үнін қосқан Көпбай Омаров музыка аспаптарында шебер ойнаған. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» мен «Бозінген» күйлерін нақышына келтіре орындағаны бар. Ақын 1989 жылы мамыр айында Өзбекстан мен Қазақстан ақындары арасында өткен айтысқа қатысқан.
03 ақпан 2020 ж. 1 426 0