«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...»
Абай атамыздың бұлай деуінің сыры неде?
Бұған жауап табу үшін Абай шығармаларын терең зерделеуге тиіспіз. Абай бабамыз жоғарыдағы айтқаны арқылы өмірінен өткен тарихты елге жеткізуге тырысқан. Осы сөзімен халықты елең еткізіп, Абай жөніндегі зерттеулерге халық ынта сала кіріскендігінде сөз жоқ. Соның бірі мен де бабамыздың шығармаларын іздеп, өмір жолын зерттеуге кірістім. Мен Абайдың білім алуы, әдебиет, өнер, музей тақырыбындағы мәселелеріне назар аударуға тырыстым.
Бұған жауап табу үшін Абай шығармаларын терең зерделеуге тиіспіз. Абай бабамыз жоғарыдағы айтқаны арқылы өмірінен өткен тарихты елге жеткізуге тырысқан. Осы сөзімен халықты елең еткізіп, Абай жөніндегі зерттеулерге халық ынта сала кіріскендігінде сөз жоқ. Соның бірі мен де бабамыздың шығармаларын іздеп, өмір жолын зерттеуге кірістім. Мен Абайдың білім алуы, әдебиет, өнер, музей тақырыбындағы мәселелеріне назар аударуға тырыстым.
Өлең жазуға бала жасынан әуестенген ол бірыңғай жазу жұмысына жасы қырыққа жеткен кезде ғана бас алмай ден қойған тәрізді. Бұған өмір тәжірибесінің молаюы мен көркем әдебиетке деген көзқарасының тұрақталуы себеп болды. Семей қаласында музей және екі кітапхана ашылғанда соның этнографиялық бөлімін алғашқы құрастырушылар Абай мен Н.И.Долгополов болған.
Абай ақындықтың басты құралы – тіл деп санаған. «Өткірдің жүзі. Кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас». Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін Абай тілге араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді пәк ұстауға жанын салады. Мазмұнға бірінші орын, түрге екінші орын беріп, өлең құрылысына келгенде «Іші алтын, сырты күміс болсын» дейді. Өзі осындай өлеңдерді ғана жазуға тырысады және сол мақсатына жетеді.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Абай теңдесі жоқ ойшылдығымен қатар аса дарынды композитор да болды. Оның шығарған көптеген өлеңдері халыққа кеңінен таралып, әлі күнге дейін айтылып жүр. Ол осы салада қазақ поэзиясының «Қара өлең» және «Жыр» жанрын байытып, кең пайдаланған.
Қазақ поэзиясының өлшемімен ғана қанағаттанбай, орыс және дүние жүзі поэзиясының жетістіктеріне сүйене отырып, қазақ поэзиясын тың үлгімен байытқан «Сегіз аяқ" және «Сен мені не етесің» сынды өлеңдерінің дүние жүзілік поэзияға қосқан жаңа дүниелері деуге болады. Абай халық әндерін ерекше сүйген:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндегі ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
...Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деуі осының дәлелі. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» халықтың ең жақсы әндерінің қатарына қосылып, күні бүгінге дейін зор құрметпен орындалады. Абайдың әндері жаңа өлшемді өлеңдерінің халық арасына тез тарауына себепкер болды.
Осы әндер негізінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди «Абай» операсын жазды. Абайдың музыкалық мұрасы көзі тірі кезінде «Дала уәлаятында» (1889) басылған екен. Абай әндері 1919-1922 жылдары өлеңсіз нотаға түсіріліп баспа беттерінен жарық көре бастаған. Бұл Абай әндерінің сол кездің өзінде-ақ халықтық сипат алғанын аңғартады.
Абай әндерін нотаға түсіріп, мұрасын жинақтауда А.Затаевич пен Б.Ерзакович, Л.Хамидилер көп еңбек сіңірген. 1934 жылы Б.Ерзакович «Айттым сәлем, Қаламқас» атты Абай әндерінің мелодиялық толық жинағын құрастырады.
Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қаламқас», «Татаьянаның хаты» және т.б. әндері арқылы халықтың ән шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнде қолданудың жаңа қағидалары енгізілді. Абай халықтың музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды. Абай әндеріне М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, М.Қойшыбаев, Н.Тілендиев, Н.Меңдіғалиев сияқты композиторлар өздерінің әндері мен романстарын жазды.
Абайдың артында қалған еңбектері, қара сөздері білім нәрімен сусындатар телегей теңіз күшке ие. Қара сөздерінде, басқа да еңбектерінде ол халқын тәрбие, білім алу, жамандық атаулыданы қашық болу, жақсылыққа ұмтылу, еңбек ету, білім мен еңбекті ел игілігіне жұмсауға үндейді. Ақынның қара сөздері мен өлеңдерінің арасында сабақтастық бар, қара сөздеріндегі ойлары өлеңдерінде қайталанады.
Ұрпағымызға рухани бағыт беретін, ұлтын имандылыққа үйрететін Ұлы Абайдың «Қара сөздері» әрбір қазақтың төрінен орын алуы тиіс.
Ізәтілла Нәрзілдаев,
«ауданның Құрметті азаматы»