№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ағаның асыл сөздері

Ағаның асыл сөздері


Сыр топырағынан нәр алып, елдік мүдде, мемлекеттік мұрат жолында қызмет еткен тұлғалар көп. Олар қызмет жолымен, тағдырымен, адами потенциалымен бір-біріне ұқсамайды, қайта бір-бірін толықтырып тұрады. Кешегі Манап Көкенов, Адырбек Сопыбеков, Нұрберген Тастаевтың жолын жалғап, өнерімен, аталы сөзімен елге қызмет етіп жүргендер қатарында Зинабдин Шермағанбетов, Файзулла Сахиев, Жақсыгүл Бегманованың орны биік. Әнші Әбсұлтан Өтепбергенов пен ақын Ерсұлтан Мұстафаевтың да өнер жолындағы еңбегі көпке белгілі. Елге белгілі азаматтар «Қайталанбас тұлғалар» атты өнер кешінде басы қосылды. Орталық кітапханада өткен шараға аудандық балалар мен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталағы ұйытқы болды.


Орталығының директоры Әлімжан Ержанов шараны ашып:
– Біз Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойып, жұртының амандығына, жерінің бүтіндігіне қызмет еткен тұлғалармен мақтана аламыз. Яғни тарихты тұлғалар жасайды. Сондай азаматтардың қатарына бүгінгі кештің қонақтарын айтуға болады. Мәдениет және білім саласындағы еңбегінен танылған аға-апаларымыздың өне­гелі өмірін, қызмет жолы мен шығармашылығын ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз,– деді.
Бірлескен шарада орталықтың өнерлі өрендері Талғат Тұрсынбаев, Фархад Бакиров Бексұлтан Байген­жевтің «Ақ баян» әнін нақышына келтіріп орындады. Айдана Иман­бердиева, Нұрислам Жомартұлы Сыр сүлейлерінің жырларын көпшілікке ұсынды. Жастар кеш қонақтарына елтану, өлкетану, тұлғатану бағытындағы сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.
Кеш соңынан орталық директоры Әлімжан Ержанов және аудандық кітапхана директоры Әсемкүл Тілеу­бергенова сөз алып қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, сый сияпат жасады.
Осы ретте, академик Қаныш Сәтбаевтың «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын мақтап жарытпақ емес» дегені ойға оралды. Ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды өзіміз ұлықтап, құрмет көрсетпесек өзгелерге қажет болмасы анық. Сондықтан ардақты тұлғаларымызды ардай жүрейік.

Майра ҒАНИЕВА
22 қаңтар 2020 ж. 683 0