Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Бүгін күй дүлділінің туған күні

Бүгін күй дүлділінің туған күні

1904 жылдың 23 желтоқсанында композитор, домбырашы Смағұл Көшекбаев дүниеге келді.
Ол Атырау облысы Теңіз ауданында туған. Смағұл Көшекбаев 12-13 жасында күй тартумен әуестеніп, Құрманғазының күйлері мен Мұхиттың әндерін айта бастайды.
1936 жылы Алматыда өткен көркем өнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, қазақ филармониясына домбырашылық қызметіне қалдырылып, 1940 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірген Смағұл Көшекбаев «Ботагөз», «Жаз», «Май гүлі», «Біздің ән», «Дауыл», «Сағыныш», «Бригада жыры», «Біз келеміз», т.б.ән-романстардың авторы. Құрманғазының «Ертең кетем», «Лаушкен», «Повестка» күйлерін Е.Г.Брусиловскийге нотаға түсірткен еңбегі және бар.
1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында,1941 жылы Ащысайда (Оңтүстік Қазақстан облысы) халық аспаптар оркестрін құрды.
1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды.
Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілген.
Дина Нұрпейісованың ғажап күйшілігін күллі әлемге паш етуге себепші күйші-композитор Смағұл Көшекбаев екенін аға ұрпақ білгенімен, қазіргі ұрпақ жадына сақтауы екіталай.
23 желтоқсан 2019 ж. 1 392 0