№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Азаттықтың ақ таңы

Азаттықтың ақ таңы

Тәуелсiздiк сен десе, тебiрендім, толғандым,
Шабытымды шалқытып, каламымды қолға алдым.
Жазылмастай дастансың, бақ боп келген қазаққа
Қанша азап көрсек те, жеттiк енді азаттыққа!


Белестерге жетелей бер елiмiзді,
Тәуелсіздік сен менің тарланымсың.
Қуанышқа бөлей бер елiмiзді,
Журекжарды тілегімді арнадым шын.


Бiр сен үшін күресті қазақ жастары,
Жазылмай кеткен желтоқсанның жаңғырығы.
Азаттыққа жетеміз деп жалындаған,
Рысқұлбеков Қайрат ағаның бастауы.


Тәуелсіз болу әрбiр жанның қалауы,
Елiмiздiң оты сөнбей, жансын мәңгі алауы.
Алға қарай жетелей бер, елiмiзді Елбасы,
Қазағымның желбiресiн жалауы!

Альбина ТҰРҒАНБАЙ,
жас ақын.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 658 0