№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өмірге құштар жандардың құлшынысы

Өмірге құштар жандардың құлшынысы


Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қомқорлық жасау. Міне, осы бағытта аудандық балалармен мәдени – тәрбиелік жұмыстар орталығының ұйымдастырумен «Өмірге құштар жандар» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында кеш өтті.


Ерекше жандарға арналған кеш өскелең ұрпақ бойына рухани-адам­гершілік қасиеттерді ұялатуға, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді сақтай білуге ықпал ету екендігі баршаға аян. Яғни, баланы адамгершілік пен имандылыққа, шын­шылдық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Рухани кештің шымылдығын тәрбие орталығы директоры Әлімжан Ержанов ашты. Ол мейірімділік пен адамгершілікке толы шаралар арқылы осында жандарға құрмет көрсетіп, олардың алғысын алу әр азаматтың парызы. Қайырымды болу – жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіретінін тілге тиек етті.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын құрғатып, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту әр жанның азаматтық парызы деп түсініп, соны жадына ту етіп, сол жолда қайрат қылып жүрген жандар қаншама. Бүгінгі кеш қонақтарын осындай жандардың бірегейі деп айтсақ қателеспейміз. Олардың қатарында ауданның «Құрметті азаматы», мәслихат депутаты Азия Қыстаубаева, кент әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету маманы Үміт Аптаева және аудандық балалар кітапханасының мең­герушісі Мейрамкүл Айымбетова бар.
Кеш орталық тәлімгерлерінің кон­церттік бағдарламасымен жалғасты. Қонақ­тар «Батырлар ұраны» әнін Төрехан Бектің орындауында тыңдаса, Ыбырайхан Рамазан «Ассалаумағалейкум» деп амандасудың соңын әнге жалғап, мейірімге толы кештің көркін келтірді.
Бала – бауыр етіміз. Балаларымыздың көңілі жадырап шат-шадыман болса, біздің көңіліміз тоқ. «Жайдарлы жас ұлан» үйірмесінің шәкірттері сахналаған «Әкеме айтып қоймаңыз» атты көрініс отбасындағы әкеге деген құрметті көз алдыңа келтіреді. Әрі қарай Сабыржан Хамидулла «Мен қазақтың ұлымын» әнімен, көңіл тербесе «Өзбек» биімен сахна төрінен табылған Айымдай сұлу қыз мың бұралған биімен тамаша көңіл сыйлады. Динара Әмір «Анашым» өлеңін оқып аналарға деген құрметтің ерекше үлгісін көрсеткендей. Ал, Ұлбосын Исабекова Құдыретке деген жүрек түкпіріндегі шексіз махаббатын «Кешір Алла» әнімен жеткізді.
Кеш соңынан сөз алған қонақтар осылай көп болып асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолдан келген көмекті аямау қажеттілігін ескеріп, қамкөңіл жандардың өнеріне ризашылығын білдірді.
Мерейлі кеште өнер көрсеткен балғындар ұйымдастырушылар тара­пынан бағалы сыйлықтармен мара­патталды.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Міне, осындай тағылым аларлық кеш оның куәсі болған бізге де ой салды. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылайық!

Майра ӘБДУӘЛІ
11 желтоқсан 2019 ж. 1 025 0