Жат ағымнан аулақ бол!
Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Ақбаян" қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен Сунақата, Төменарық, Сүттіқұдық, Қыраш және Ақүйік ауылдық округтеріндегі метеп бітіруші түлектер арасында (9-11 сынып) "Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу - жастарға жарқын жол ашады" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесулерге лектор ретінде Қызылорда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Кеңесбеков арнайы шақыртылған. Кездесулер барысында жақын арада мектеп бітіріп, өзге қалаларға барғанда діни мәселеге өте сақ болу қажеттігі, адастырушы ағымдардың сипаттары, олардың адам психологиясына әсер ету жағдайлары, интернет кеңістігіндегі күмәнді сайттар мен жалған діни ағымдардың идеологиясынан туындайтын қауіп қатерлер жан-жақты түсіндірілді. Тақырып аясында оқушыларды қызықтырған сұрақтарға теолог тарапынан толық жауаптар берілді. Шараға жалпы саны - 9-11 сыныптардыан 250 ден астам оқушы жастар қатысты.
Осы тақырыптағы кездесу 14 маусым күні Шалқия кенті, Манап, Бесарық, Қандөз, Келінтөбе ауылдарындағы мектептерде жалғасатын болады.
Осы тақырыптағы кездесу 14 маусым күні Шалқия кенті, Манап, Бесарық, Қандөз, Келінтөбе ауылдарындағы мектептерде жалғасатын болады.