Соңғы жаңалықтар

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Зағип жандар мерекесі

Зағип жандар мерекесі

13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мерекені француз педагогы Валентин Гаюидің туған күніне орайластыру туралы шешім қабылдайды.
18 ғасырға дейін әлем зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты. В.Гаюидің тұңғыш оқушысы жетім бала Франсуа де Лезюер болды. Одан кейін мектепке онымен тағдырлас тағы 11 бала қабылданды. Валентин Гаюи соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ғылыми жолға қойды. Ол бедерлі-ұзындықты «унциал» шрифтін ойлап тапты. Олар қатты қағазға бедерленіп түсірілген, бір пішінді ірі әріптер болды. Шрифт жылжымалы болды және ол балаларға қажетті тексттердің мәтінін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Зағиптарға арналған кітапты шығару идеясы сондай-ақ Валентин Гаюиға тиесілі.
13 қараша 2019 ж. 2 084 0