№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада оқушылар зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты

Қызылордада оқушылар зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты

 Қызылорда облысы Қазалы ауданында оқушылар зағип жандарға арналған құрылғыны ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ÒÑзÑлоÑдада оÒÑÑÑÐ»Ð°Ñ Ð·Ð°Òип жандаÑÒа аÑналÒан ÒÒ±ÑÑлÒÑ Ð¾Ð¹Ð»Ð°Ð¿ ÑапÑÑ
  Аталмыш жоба Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық сайыста үздік деп танылды. Оған қатысқан 74 команданың арасынан екінші орынға ие болды.

  Көзінің көру қабілетінен айрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл құрылғы арқылы алдында тұрған көптеген кедергілерді сезе алады. Оған ультра дыбысты сигнал беруші орнатылған. Сондай-ақ, оны вибрация арқылы сезе алады.

   Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейдің оқушысы Асылхан Қанибаевтың айтуынша, көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың туысқандары арқылы аталмыш құрылғының белгі беру жүйесін смартфонға орнатуға болады. Сол арқылы зағип жандардың қайда жүргенін бақылап отыруға болады. Алдағы уақытта өнертапқыш оқушылар көзілдірік, белбеу, күртеше, аяқ киім секілді дүниелердің жиынтығын жасауды жоспарлап отыр.

   Өнертапқыш оқушылар жасаған құрылғы әзірге 20-30 сантиметр аумақтағы кедергіні анықтауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта оны 1 метрге дейін арттыруға мән берілмекші. Оқушылар GPS қондырғысын орнатуды да көздеп отыр. 

14 сәуір 2019 ж. 850 0