№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жұма намазы кімдерге парыз

Жұма намазы кімдерге парыз


Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Аллаһқа және ақырет күніне сенгендерге - Жұма намазы парыз. Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан тыс» (Әбу Дауд, 1. 644). Яғни, бұлардан басқа барлық мұсылмандарға Жұма намазы парыз.

1)Ер кісі болу. Жұма намазы әйелдерге парыз емес. Бірақ намазды мешіттегі Жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.
2)Азат болу. Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға Жұма күні бесін намазын жұманың орнына окулары жеткілікті.
3)Тұрғын болу. Жолаушыға Жұма намазы парыз емес. Себебі жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.
4)Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға - Жұма намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз, кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ Жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.

Материал vk.com әлеуметтік желісінен
11 қараша 2019 ж. 1 186 0