№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Текті ананың айтқан өсиеті

Текті ананың айтқан өсиеті

Асқар Сүлейменовтің дүрілдеп аты шыққан кез екен.Саф алтынға бергісіз жауһар дүниелерін оқып тамсанған Әбу Сәрсенбаев атамыз жүздесу үшін үйіне іздеп барады.

Асекең үйінде жоқ екен.Қарт анасы үйінде екен. Әбу атамыз:"Асқардай ұл туған ананың бетінен бір сүйіп қояйын" деп ұмтыла берсе, текті ана: "Тоқта!",-депті әмірлі дауыспен: "Мына бетті бір ғана адам сүйген, оны енді екінші біреу сүймек емес",-деп тоқтатып тастапты.
Алғашында өкпелеп қалған Әбу атамыз терең ойланып, мәселенің байыбына барған соң, Асқарға былай деген екен: "Сенің қайдан шыққан мықты екеніңді түсіндім.Гәптің бәрі анаңда екен".
Көрінгенге бетін тоса қоятын, көрінген жігітпен құшақтасып суретке түсе салатын қаракөздер бұл әңгімені түсіне алар ма екен?!
Нағима БАРАҚ
11 қазан 2019 ж. 1 126 0