№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Көреген кісінің көкжиегі

Көреген кісінің көкжиегі



Тау алыстаған сайын асқақтай түседі. Адамның ғұмыры да солай. Барында бағалай алмай, жоғында жер сипап қаламыз-ау... Әттең десеңші, мәңгілік ештеңе жоқ ғой, бірақ адамның ісі мен ізін білдіретін қадір-қасиет халықпен жасаса дейсің.
Біз бүгін Машбек Сапарбайұлының көрегендік көкжиегін еске алып отырмыз. Әрине, өзімізше. Көз тұнығында жатталған кейбір көріністер қағаз бетіне түсіп жатыр. Солардың бірнешесі мынау еді.
Ол кісі бүгін сергек. Таң атпай иығына жейдесін жамылып, тысқа шықты. Аспан әлемі әлі қоңырлау, жер үсті күңгірт. Табиғи құбылыстарды жадына тоқып өскендіктен, таңның алғашқы сазында бойын сергітеді. Ондаған минуттардан кейін әр жерден шыққан қораздардың оркестрі жандана түсті. Әр жерде абалаған иттер де даланы думанға бөлеуде. Арасында бір төбеттің әупілдеген даусы естіледі. Бұл – Бексабаның қарала төбеті. Қасынан бір нәрсе өтті ме екен, әйтеуір екі-үш рет әупілдеп барып, ол да тыншыды. Қораны бір айналып шығып, таңғы таза ауада сергіп қалған денесін ширата үйге бет алды. Шығыс жақ арайланып, таңның белгісін бере бастады. Сол-ақ екен, үйден кемпірі Бибыш сыртқа шықты. Балалары ұйқыда жатқанда сиыр сауып, сүтін пісіріп, самауыр қайнатып, нан жабатын күнделікті әдебіне кіріспек. Ауыл әйелінің артықшылығы осы ғой. Ерте тұрады, кеш жатады. Кемпірінің үй шаруасына епті, әрі ширақ қимылына қарап: «Осындай жар сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір», деп ішінен күбірледі.
Бибіштің шәйі бөлек. Ыстық тапа нанды майға бектіріп, қаймақ қосылған күрең шәйді баппен ұсынады. Еңбек адамына осындай ынта-ықыластың өзі әжептеуір әл береді. Осыдан қуат алады да бригада адамдарын тиеген автокөлікке мініп күріштікке бет алды. Егістік басында Машбек көңілі толмаған жігіттерді ысырып жіберіп, кетпенге өзі жабысады. Қайратты қолы олай-бұлай сілтеген кетпен жүзінен күннің нұры да тайсалып қалатындай еді. Әкесіндей адамның осы әрекетінен көп жігіт ұялып, екінші жалқаулық жасауға дәрменсіз болатын.
Міне, шілденің соңы сарша тамыз туар шақ. Күріштің де бас алғанына айға жуықтап қалыпты. Күріштікті күнде аралап жүрсе де, қоста отыра алмай күріштікке бет түзеді. Күріш атыздарын аралап, көріп егістіктің белортасынан асты. Аяғындағы резеңке етігімен атыздағы суға түсіп қол жетер жерден күріштің бір сабағын үзіп алды. Дәнін алып аузына салды. Сүті қатайып, қамырлана бастапты. Алла сәтін салса «енді 15-20 күнде атыздағы суды бекітерміз» деген ой түйген Машбек күріштікке су беріп тұрған үлкен канал бойына шықты. Сыбдырсыз жылжи аққан суға қол-аяғын жуып, демін басты. Су бетінде қамыстың жапырағына жабысқан құмырсқа ағыспен жылжып барады, жылжып барады. Су ағысы, өмір ағысы мазмұндас, мәндес нәрсе ғой! Жарық дүние үшін арпалысып жатқан еңбекқор жәндікті судан шығарды да, өткен күндеріне көз тастап, ұзақ ойланып отырып қалды.
Бұл дүние есігін ашқанына жыл толмай әке-шешесі Сыр бойынан сонау Тәжікстанға қоныс аударады. Біреудің ұрып-соққанынан емес, коммунистердің солақай саясатының кесірінен. Малы тәркіленетін байлардың тізіміне орта шаруа болған оның әкесінің аты-жөні жазылып кетіпті. Ауылдық кеңес төрағасы Бисұлтан Құлтасовтың дер кезінде құлақтандырып жолбасшы тауып беруінің арқасында бұлар құтылып кетіпті.
Тәжікстанның «Ұзынқұдық» деген жеріне барып, бас сауғалаған бұлардың отбасылары түйе бағады. Олар тұратын Қорғантөбе ауданында негізінен қазақтар тұрды. Дерлігі түйемен кіре тартады. Ол кезде Тянь-шанның ішінде автокөлік жүретін жол жоқ. Бар тірлік түйемен атқарылады. Әкесі де сол түйелі кірешілердің қатарына қосылады. Машбек те соғыс басталысымен мектепті тастап, кіре тартушылар қатарына қосылады. Машбек те соғыс басталысымен мектепті тастап, кіре тартушылар қатарына алынды, үлкендердің көбісі соғысқа кетіп қалған. Жаздай астық, тасыса, қыстай Әмудария бойындағы тоғайлардан ағаш кесіп, отын артып, самарқанға апарып сатады. Қолына түскен қаржыға отбасына талғажу етер азық алады. Заманның ауыр шағында түз тағысы да озбырлыққа әуес болып алды. Сондықтан жалғыз-жарым жүру қауіпті. Кірешілерден кеш қалуға болмайды.
Тағдырдың жазуы ма екен, әйтеуір оның басынан өткен мына оқиға тым аянышты еді. Қас қылғанда сол жылы қыс қатты, аяз күшті, қар қалың болатын. Дария бойының әр түкпірінен сәмбі тал қырыққан 8-9 жігіт түс әлетінде бір жерге жиналып, жолға шығатын. Не екені белгісіз, Машбек діттеген уақытта келе қоймады. Жолсеріктері «Ол ауылға қайтып кеткен болар» деген болжам жасады да базар беттеп кетті.
Ал, бұл кезде түйесі тайып құлап, үстінен ауып қалған жүкті Машбек отынды қайта буа бастады. Ары-бері әурелеп жүріп, түйеге артқанда кеш қасқарайып қалды. Айнала көзге түрткісіз түнекке айналды. Әшейінде көзге көрінбеуге тырысатын қорқаулар жалғызға күш көрсеткендей жақындап келеді.
Үшеуі оның соңынан түсті. Олар қырық-елу метрдей жерде еріп келеді. Анда-санда жол кесіп, түйені үркітеді. Машбек те түйесін «шу-шулеп» жеделдетіп-ақ келеді. Әлден уақытта түйесі тағы тайып құлады. Ол өңгеріліп түскен отынның астында бастырылып қалды. Орнынан тұрса түйе жарықтық қасқырдың қайратынан қорқып, қаша жөнеліпті.
Қасқыр адамнан қаймықты ма, түйе соңынан кетті. Машбек шоқпарын сайлап, амал жоқ, ауылға аяңдады. Ауыл мен дария арасы он шақырым шамасында. Нартәуекел...
1950 жылы сондағы бар ағайын ақылдаса келіп, Қазақстанға жақындау мақсатында Өзбекстанға қоныс аударды. Осындағы Чельник деген колхозға тұрақтаған олар өз алдына бригада болып мақта екті. Қиындығы көп-ақ жұмыс екен. Жылдар өте оның қыр-сырын үйренді. Мақта егіп жүріп, суды жетектеу әдісін меңгерді, мақтаны жегенелеуді, шабығын шабуды, мақта терімін жүргізуді бір кісідей білді.
1957 жылы бұлар түгелімен Қазақстанға өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданындағы «Алғабас» деген колхозға ат басын тіреді. Үйренген кәсібімен мұнда да 1967 жылға дейін бригадир болды, мақта екті. Еңбекқор, шыдамды, іске мығым, епті жігіт мұнда да абыройсыз болған жоқ. Мұның бригадасы аудандағы маңдайалды бригаданың бірінен саналады. Суреті аудан орталығы мен кеңшардағы құрмет тақталарынан түспейтін.
1966 жылы туған жерден бір топ азамат келіп, елге оралуға үгіттеді. Ішінде сол кездегі «Задарья» кеңшарының директоры Әбдіғаппар Нұртазаев, «Бірліктен» Мақаш Қожақов, «Өзгенттен» Сәулебай Әйтенов және т.б. азаматтар Үкіметтің «Түгіскен» массивін игеру жөніндегі қаулысын айтып, насихат жүргізді. Кезінде ата-анасынан «Балам ит тойған жерінде, ер туған жерінде жүреді» деген сөзді жиі естуші еді. Осы сөздің құдіреті болар, 1967 жылы
29 шілде 2019 ж. 858 0