АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖАЙЛЫ 3D ТУЫНДЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылуы бойынша бір жылғы жұмыс қорытындыланып, 2018 жылға міндеттер айқындалды. Осыған орай, Ұлттық музейде жиын өтіп, көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Көрмеде «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының» директоры, «Толықтырылған шынайылық» кітаптарының авторы Сергей Коваленко туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
«Толықтырылған шынайылық» - бұл видеоматериал мен виртуалды 3D технологиялардың пайдаланылуы. Бүгінгі көрмеде Шығыс Қазақстан облысының тарихы мен географиясын қамтыған «Менің туған өлкем» кітабы мен ақын Абай Құнанбаевтың биография-кітабы ұсынылып отыр. Кітаптарды «толықтырылған шынайылық» режимінде көру үшін олардың бірінші бетіндегі нұсқаулығымен танысу керек. Ол жерде Google Play-мен кітаптармен аттас қосымшаларды смартфон не планшетке орнату қажет делінген. Бастысы, бұл құрылғыларда Android болуы тиіс. Одан кейін қосымшаларды қосып, кітаптардың бетіне жақындату керек. Сонда дыбысы бар видеоақпарат беріледі немесе 3D форматында суреттер бейнеленеді. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде мағлұмат береді», - деді Коваленко.Маманның айтуынша, бұл әсіресе балалардың қызығушылығын туғызады. Ол ойын, яғни қимыл-қозғалыс, дыбыс әрі көрікті сурет түрінде болғандықтан балалар мәліметті жылдам есіне сақтайды.
«Бұл кітаптар сатылмайды. Оларды біз Шығыс Қазақстан облысының білім мекемелерінде ғана пайдаланамыз», - деп түйіндеді Сергей Коваленко.Атап өтсек, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы» сынды бағыттарды да қамтыған.