Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТАТУЛЫҚ – БІЗДІҢ ҚҰДІРЕТТІ КИЕМІЗ!

ТАТУЛЫҚ – БІЗДІҢ ҚҰДІРЕТТІ КИЕМІЗ!

  «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» дегенде ойға ақ көгершін келеді. Себебі, көкте қанатын жая қалықтайтын көгершінді ынтымақ пен ымыраның, бірлік пен берекенің символы ретінде қабылдаймыз. Биылғы мерекелік салтанатты шара бейбітшілік құсын сипаттаған бейнесімен ұтымды үйлесім тауыпты. Яғни, көпшілік көзін еріксіз баураған орталық алаңдағы мерекелік безендірулер көгершіннің келбетін көз алдымызға келтірді.

 Мың бұралған бишілердің сал­танатты композициясымен ашылған сахна дүйім жұртты өнер әлеміне тереңнен бойлатып, ерекше тебіреніс сыйлады. Қазақ, корей, өзбек, орыс, украин, түрік, түрікмен ұлтының дәстүрлі киімімен қойылым қойып,би билеген өнерлілер көптің көңілін көтерді. Сондай-ақ, белгілі орындаушыларымыз Кенже Әкімбаева, Сайран Ділманов, Ақмарал Зайдашева, Жасдәурен Сабырханов және Тоқтар Әжімұратов әннен шашу шашты. Мерекелік шараны ашқан аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Халық бірлігі – қасиетті сөз. ­ 1 мамыр – адалдық пен татулық, жасам­паздық пен жақсылық, бірлік пен береке баяндалатын шынайы мереке. Достық, сыйластық болған жерде кез-келген елдің түтіні түзу ұшып, тіршілігі тынымды болатыны белгілі. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев қазақстандық сан ұлт өкіліне бір мақсат, бір мүдде. бір болашақ жолында ұйысуды үндеді. Бүгінде елдегі түрлі ұлт өкілдері мен этностық топтар бір мақсат жолында еңбек етуде. Жаңақорған ауданында 18 ұлт өкілі тұрмыс кешіп, аудан абыройы үшін түрлі салада қызмет етіп, табысымызды еселеуде. 2017 жылы Сыр өңірінде ауылшаруашылығы саласы бойынша «Үздік аудан» атансақ, 2018 жылы кәсіпкерлік саласында озық болдық. Мұның бәрі – татулықпен еткен тұрақтылықтың арқасы деп білемін, – деді. Игі мерекемен барша жұртты құттықтаған аудан басшысы, түрлі салада қызмет атқарып, еңбек сіңіріп жүрген өзге ұлт өкілдері мен аудан тұрғындарын марапаттады. Атап айтсақ, Абай Құнанбаев көшесінің комитет төрағасы Омар Төлегенов, Шонабаев көшесінің комитет төрағасы Шәймерден Жүсіпәлиев, «Ынтымақ» ЖШС жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебек Құламетов, Қожамберді ауылдық округі жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Құрбанкүл Нұрымбетова, Бесарық ауылдық клубының директоры Рашид Сейтбекұлы, Жаңақорған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің әдіскері Күлжахан Әуелханқызы, аудандық емхананың жалпы тәжірибелі аймақ мейірбикесі Ирина Ким марапат биігінен көрінді. Сондай-ақ, аудандық сәулет, қала құрылысы мекемесінің бас маманы Шынар Әшірқызы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің төлемдер бөлімшесінің сектор меңгерушісі Күләш Жұманқызы, аудандық мәслихат аппаратының маманы Шолпан Үпілмәлікқызы, аудандық емхананың рентгенелог зертханашысы Жасұлан Алтынбекұлы, Жүсіп Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің мұғалімі Өмірзақ Нұрмағанбетұлы, дара кәсіпкер Мамед Батыршаұлы аудан әкімінің арнайы «Алғыс» хатына ие болды.
   Қазақ еліне алғаусыз алғысын ақтаратын өзге ұлт өкілдері ауданда көп. Соның бірі – Әбдіқадыр Абдрашитов. Ол «Қазақстан Халық Ассамблеясының 27 сессиясына қатысып келген ұйғыр ұлтының өкілі.
– Республикалық сессияға аудан атынан делегат болып қатысуымды ерекше мақтан етемін. Егемен елдің негізін қалаған Тұңғыш Президент    Нұрсұлтан Назарбаев пен ел тізгінін ұстаған Қасым-Жомарт Тоқаевты көру мен үшін өмір бойы мақтанарлық мәртебе болды. Осындай мүмкіндікті бұйыртқан аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы мен Қоғамдық Келісім КММ-нің аудан бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Асхат Серікұлына ерекше алғыс айтамын. Өзге ұлт деп бөлмей, бауырына басқан Қазақ елі мәңгі жасасын! Бейбітшілік қыраны тек көкте қалықтап, азат елдің аспаны ашық болсын, – деді рухы алаштық азамат.
Татулық – табылмас бақыт. Биылғы бейбітшілік мерекесі де татулықтың бағасыз байлық екенін білдіріп, құдіретті кие екенін дәріптеуге арналды.

Ханзада ДОШАН.

03 мамыр 2019 ж. 1 183 0