№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Бақытты отбасы (Есірткі жайлы ертегі)

Бақытты отбасы (Есірткі жайлы ертегі)

Бақытты отбасы (Есірткі жайлы ертегі)
Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Жастары егде жасқа келгенше бала сүю бақыты бұл кісілерге бұйырмаған екен. Өздері сондай еңбекшіл, еңбекті жаны сүйетін жандар болса керек. Еңбек ете жүріп, күнде құдайға құлшылық етуден мүлдем жалықпапты. Сондай бір құлшылық қылғаны періштенің құлағына шалынып, бір перзентті болыпты. Ол баласы жастайынан зерек, алғыр, көпшіл бала болып өскен екен. Күн сайын бала жаңа бір нәрсе үйреніп өсіп келеді. Ал қарт кісілер қартая бастаған болатын. Бала мектеп бітіріп, өзі қалаған маман иесі болады. Енді баласының оңы-солын таныды деп үміт күтіп отырған шағында баласының араласатын ортасы дұрыс болмауы себепті күннен-күнге өзгере бастайды. Жарқ- жұрқ еткен жалған қызықтар баланы еліктіре бастайды. Баланың достары тығылып есірткі қолданатын. Міне, бала сол достарына еріп есірткі қолданып, қызығына түседі. Баласының бұл іс-әрекеті әке-шешесін әбден қажытып жіберді. Баласын ойлап қарт кісілер уайымға салынады. Бала әбден тура жолдан таяды. Бар тапқан -таянғанын есірткіге жұмсайды. Оқудан да  бұзақылықпен шығып қалады. Бір таба нан  алуға да шамасы болмайды. Осындай қиын жағдайда жанында жүрген достары да бұлбаладан бас тартып, қасына жоламайтын болған. Қалада өмір сүре алмаған бала ауылға келеді. Жаны әбден қиналады. Өздігінен есірткіден бас тарта алмайды.  Ауылға келгеннен кейін де бала бұл әдетін доғармайды. Әке-шешесінің қайғысы бұрынғыдан да еселене түседі. Себебі баласы күн сайын есірткіге ақша сұрап, айқай-шу шығарып, тіпті қол көтеретін болған. Ал қартайған, қажыған, қаусаған қарт кісілер қатты қайғырып құдайдан  баласына шипа тілеп, дұға етеді.  Бір күні түнде наша шеккен баласы қатты ауырып, орнынан тұра алмай төсек тартып жатып қалады. Бала сол күні түс көреді: түсінде ақ сақалды қария келіп,баланы ұшатын ақ кілемге мінгізіп, заңғар құздың басына шығарып, кері бұғының сүтін ішкізіп, дұғасын оқып, дертіне шипа тілеп, балаға бата береді. Таңертең бала оянған кезде сергек, дені сау болып оянады. Сол күннен бастап, есірткіге тәуелділігі жойылып, ел қатарына қосылады.Бұны көрген әке-шешесінің көздерінен қуаныш жасы төгіліп, құдайға алғысын жаудырып, дұғаларының қабыл болғанына ризашылықтарын білдіреді. Ал бала бұдан кейін дұрыс жолды таңдап, жаңа өмір бастап, әке-шешесін құрметтеп, үшеуі бақытты ғұмыр кешеді.

Әлі Аманкүл
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебі

7 г-сынып оқушысы
15 қаңтар 2025 ж. 1 590 0