№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызылорда тұрғыны шетелдік автокөлігін заңдастырды

Қызылорда тұрғыны шетелдік автокөлігін заңдастырды

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өту жолдары келесі нұсқаулықта көрсетіледі: 
1. Ең алдымен, сіз eGov.kz порталы арқылы деректерді тексеруге өтініш беруіңіз керек. Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері, еліміздің кез келген ХҚКО-ларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өтініш бере алады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет. 
2. Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудыңқажетіжоқ. Бас тарту себептерінбілуүшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуыңыз керек. Сіздің өтінішіңіз қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшінМХҚО-ғаонлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағында «кезекке тұру» батырмасын басып, мекенжайлар тізімінде көрсетілген МХҚО-ның бірін таңдап, соныңда күнімен уақытын белгілеу керек. Алдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда,азаматтарғақызметкөрсетілмейді. 
3. Заңдастыруға рұқсат алған автокөлікті МХҚО-ның тексеру пунктіне белгіленген уақыттан 20 минут бұрын әкелу керек. Талонды тексеру пунктінде немесе «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. 
4. Тексеруді толық өткеннен кейін, сіз автокөлікті тіркеу үшін МХҚО ғимаратына өтуіңіз керек. Одан әрі, сіз қызметкерге автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын жәнекөліктің шетелдік техникалық паспорттын тапсыруыңыз қажет. 
5. Осыдан кейін алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңге мөлшерінде төлейсіз. Төлемді QR арқылы орталықта төлеуге болады. 
6. Төлем жүргізілгеннен кейін сол күні сізге техникалық паспорт және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. 
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып жатыр. 
Айта кетейік, бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және женың ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады. Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оныбына талаптар қойылмайды.
23 қаңтар 2023 ж. 318 0