» » » Адал жар таңдау-баянды болашақтың кепілі...

Адал жар таңдау-баянды болашақтың кепілі...

Ия, бүгінде күнделікті жаңалықтардан көріп жүргеніміздей, "баласын саудалапты", "сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетіпті", "жасанды түсік жасатыпты" деген секілді, қазақтың маңдайындағы соры қалың, қатпары қою мәселелер көбейіп бара жатыр. Бұрындары мұндай жаңалыққа "масқара" деп бетін шымшу еді, бүгінде халықтың еті үйреніп кетті ме, әйтеуір  "селк" етпейді. Хош. Шама-шарқымыз жеткенінше. Ұрпақ тәрбиесін ұлттық құндылықтарымыз бен имани тұрғыдан тарқатып көрсек. Атам қазақ "адамның бақыты-балада" деген. Бірақ замана ағымы оны даладан іздетуде. Басынан бастасақ. Бала тәрбиесіне қай уақыттан бастап ден қойған абзалырақ? Ғұламалардың бірі бесіктен десе, бірі құрсақта жатқаннан, соңғысы адал жар таңдаудан дегенге тоқталады. Қалай десекте ұрпақ тәрбиесіне атүсті қарауға болмайды. "Бала қымбат болса, оның тәрбиесі оданда қымбат" деп бекер айтпаған. Шығыстың нақылымен қуаттағанда "бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін"деген сөздің тамыры тереңде жатыр. Сонымен қандай жар таңдаған абзал? Пайғамбарымыз(с.а.с) хадисте: "Жар таңдағанда төрт нәрсесіне көңіл бөліңдер дейді:1- Сұлулығына,  2 -дүние-мүлкіне, 3- тегіне, 4-тақуалығына, имандылығына. Ең хайырлысы соңғысы"-дейді. Яғни, иманды да ибалы қыз таңдау жақсылықтың нышаны екен. Тақырыпқа тұздық. Бірде Хазіреті Омар(р.а) ел басқарып отырған тұсында, бір кісі келіп өзінің баласы сөзін тыңдамайтындығын, қит етсе болды әкесіне қарсы келетінін айтып шағымданады. Сонда Хз.Омар(р.а) баладан себебін сұрайды. Әлгі бала: Иа Мұсылмандардың әміршісі! Әкенің баласы алдындағы міндеттері жоқ па?-дейді. Хз.Омар(р.а): Әрине бар олар мыналар, Әке ең алдымен ары таза иманды, мінез-құлқы жақсы, жар таңдау керек, сосын баласына жақсы ат қою керек, одан әрі Құран әріптерінен әріп үйрету керек-дейді. Сонда бала: Ендеше әкем маған бұлардың ешқайсысында орындаған емес. Маған ана ретінде таңдаған әйелі мушрик яғни отқа табынушы, қойған есімі ескішеден аударғанда "Тасбақа" деген мағына білдіреді. Ал Құраннан бірде бір әріп үйреткен емес-деп, тіл қатады. Хазіреті Омар(р.а) баланың әкесіне қарап: "Негізінде сен балаңның емес, балаң сенің үстіңнен шағым жасауы керек екен. Баланың алдындағы міндеттерін орындамасаң, балада әке алдндағы міндеттерін орындамасы анық"-деп, кінәның әкеде екенін түсіндіреді.

Алдасаң алданасың......
Хош. Үйлендік. Ары қарай. Дүниеге сәби келді. Абайдың оныншы қара сөзінде: "Әуелі балаңды өзің алдайсың. "Әне, оны берем.Мұны берем"-деп. Баста балаңды алдағанға бір мәз боласың. Соңы..."Боқта" деп біреуді боқтатып, кәпірқияңқы, осыған тимеңдерші деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді"-деп тірі жанға сендірмей, жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?-деп, ой тастайды. Бүгінгі қоғамдағы алдауға келсек. Бала ес жиып, балабақшаға одан әрі білім ошағына табан тірегенде. Түрлі мейрамдарды сылтауратып, санасына селкеу түсіреміз. Мысалы: Жаңа жылда "Аяз-ата", "Ақша қар" деп, көлгірсіре алдаймыз. Адам деген өзі тілейтін нәрсесін қос алақанын жайып Жаратушыдан тілеуші еді. Бүгінде енді ғана ақылы кірген балаға "Аяз-атаға хат жаз, қалағаныңды сұра" -деп тағы алдаймыз. Сұраған сыйлығын шыршаның жанына тығып қойып көрер көзге алдаймыз. Батыстың шатпағына еліктеп, балаларымызды басы айналғанша шыршаны шыр айналдырамыз. Шыршаның тарихына түптесең шіркеу иелерінің шатпағы. Ақиқатында мұсылмандардың Қасиетті Қағбадан басқа айналатын мекені жоқ секілді еді. Әлде мен шатасып тұрмын ба? Бұл көп мысалдын біреуі ғана. Бұдан бөлек балалар кітаптарындағы аң-құстардың сұхбаты, ит пен мысық, бақа мен шаянның сандырағы балаға қандай өнеге болмақ? Бір түсінбейтінім, қашанғы батыстың берген бәтуасына бағына береміз?  Абай дәуіріндегі "оқымаған" қазақта мұндай өтірікпен тәрбиелемеген шығар. Қайта ол заманда өтіріктен қашып, ұрпақты сақтандырған. Жалған тәрбие ұрпақтың сенімін жоғалтады, рухын бұзады, өтірік айтуды ар санатпайды, ақырында азып-тозып жоғалады.  
Ұяда не көрсе......
Қысқаша бір оқиғаны баяндап кетейін. Қалада бір бауырымыз бар еді. Үйінен қонақ үзілмейтін. Кішкене. Жоқ. Тым қатты ащы суға жақын еді. Екі баласы бар. Үлкені төртте. Кішісі бесікте. Табалдырықтан аттап, төрге отырмастан төрт жасар баласы: "Пап үйге көке кеді, айақ құй" деп шапқылап жүр. Әкесі мысқылдап: "Бұл арақ ішпейді молда" деп, үстіңнен күліп қояды. Баласы болса бос бөтелкелерді сүйреп шауып жүр. Ең сорақысы, ары-бері тілі былдырлап жүрді де, бос стканды алып көтеріп тұрып "тост" айтты. Не істейді енді?! Күнделікті көргені сол ғой баланың. Ұяда көргенін ұшқанда ілмесе болар еді былдырлаған бала. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы бабамыз бекерден-бекер ұрпақ тәрбиесіне түңіліп кетпепті. Тыңдап көріңіз батыр баба сөзін: "Жауданда, дауданда қорықпаған қазақ едім, енді міне қорқынышым көбейіп бара жатыр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюуынан қорқамын. Үшінші, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ"-деп, болашағына алаңдап кетті. Алаңдайтын да жөні бар еді. Ақиқаты болып жатыр қоғамда аталмыш құбылыстар. Бақсақ. Кіне өзгеден емес, өзімізден екен.
Балаға балама жолдарын ұсыну ләзім.
Бізде бала бұзықтық жасаса, тек тиып тастаймыз. Мысалы, қабырғаны сызып жатса, құйрығынан "тәйт" деп, енді сызсаң "точна" таяқ жейсің деп қорқытып қоямыз. Бірақ баланың аты бала ғой, кейін оны ұмытып қайта сызады. Солай қайталана береді. Ал, мына жөйттер (еврейлер) болса. Бірден дүкен аралап, баласына түрлі-түсті қаламдар, сурет дәптер, сызуға не керек соның бәрін алып беріп, "Балам енді сызатын болсаң, мынаған сыз"-деп балама жолын көрсетеді. Әрі "Болашақта сен әлемді аузыңа қарататын қылқалам шебері не мықты суретші боласың"-деп баланың ынта-жігерін оятып отырады. Басын бастадық басқа ұлттарды тізбектесек: Түрік ұланы: "Сен дүниеге түрік болып туғаның  үшін бақыттысың",-деген Ата Түріктің сөзіне арқаланып, ер болып өссе, Американдықтар: "Сен дүниедегі ең қуатты, еркін ойлы, озық елдің азаматысың.Сенің Америка Президенті болуға толық хақың бар"десе, "Сенің ұятың-Жапонияның ұяты, Жапонияның ұяты-император"деп, жапондықтар өз өрендерін үйретеді. Ал, бізде ше? Бір  нәрсе бүлдірсе, бала емес, бәлесің деп дүрсе қоямыз. Жәә, бірін айтып, біріне кеттік. Бұзықтық жасаған балаға балама жол ұсынуға қайта оралсақ. Ұзақта болса Пайғамбарымыздың(с.а.с) заманында болған мына тәмсілді тыңдап көріңіз: Бірде бау-бақшасында өсіп тұрған құрма ағашына тас лақтырып, түсіріп жеген баланы, бақташы ұстап алып, ашуланып, сүйреген бойы Алла Елшісінің(с.а.с) алдына әкеледі. Мән-жайды тәптіштеп түсіндіреді. Пайғамбарымыз(с.а.с) асықпай тыңдап, сабырлы кейіппен; "Балапаным құрма ағашына неге тас лақтырдың"- дейді. Бойын үрей билеген бала: "Қарным ашты, құрма жегім келді"- деп, жауап қайтарады. Екі дүниенің сардары (с.а.с): "Енді құрмаға тас лақтырма, жегің келсе жерге түскенін же, жарай ма деп, басынан сипап Аллаһтан хайырлы дұға тілейді.  Хош.  Бұл оқиғаның педогогикалық һәм психологиялық мәнін ашсақ. Біріншіден балаға ешқандай айқаламастан ашу шығармастан себебін біліп алды. Екіншіден балаға жылы сөйлеп "балапаным" деп бойындағы қорқыныш һәм үрейінен арылтты. Үшіншіден тиым салып, балама жолын ұсынды. Яғни енді құрма жегің келсе, жердегі түскенін же деді. Соңғысы бата. Жаратушымыздан алақанымызды жайып ұрпағымыздың ұлағатты болуына тілек тілеп жолын көрсетті. Көптеген хадистерде баласының тілеуін-тілеген ата-ананың дұғасы еш кедергісіз қабыл болатындығын хабардар еткен. Міне, мәселе қайда жатыр. Біздер бас салып әкесін танытамыз не бір жерін майып қыламыз.
Үлгілі үммет бола білейік...
   Бұрын оқушы кезімізде мешіттен дәріс алып жүргенде ұстазымыз: Кімнің үмметіненсің?- десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)-ның үмметіненмін деуші едік. Айтпағым айдаладағы Америка не былығы көп батыстан тәлім-тәрбие алғанша. Адамазаттың таңдаулысы (с.а.с) болған, Үмметіміздің ұлық ұстазынан үлгі алайық. Ол (с.а.с) қандай еді? Сәби туылғанда, сүйінші бергенді ұнататын еді. Кішкентай балаларды "көздің нұрына", "райхан гүліне", иісін "жәннаттың иісіне" теңегенде сол Мұхаммед(с.а.с) еді. Сәбиге азан шақырып әдемі ат қоюды ата-ананың алғашқы міндетіне жатқызған. Мүбарак хадисінде : " Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жәннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады."-дейді.  Бірде Алла Елшісі (с.а.с) немересі Хасанды өбектеп, сүйіп отырғанда, қасына бір сахаба келіп: "Ойпырмай, менің бір емес, он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүймеппін"-дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) : "Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла да саған мейірімділік көрсетпейді"-деп жауап береді. "Баласы бар-баламен бала болсын"-деп өсиет қалдыра отырып, кейде немерелеріне ат болып, иығына мінгізіп ойнатқан. Ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол бермеген. Қоғамды қыз баланы жек көрмеуге шақырып: "Егер таңдау еркі маған берілсе, қайта қыз баланы артық санар едім"-деген. Әрі бір хадисінде сүйіншілеп; "Кімде-кімнің үш қызы болып, ұлды олардан артық санамаса, жақсы тәрбиелесе, Алла ондай ата-аналарға жәннатты нәсіп етеді"-деп, қыз балаларға мейіріммен қарауға үндейді. Міне, осылай тәлімді тәрбиені тізбектей берсеңіз тізбектеле береді. Бірін айтып, бірін айтпадық. Білімімнің аз екенін байқадым. Себебі ұзаққа шаба алмай, бала жайлы шала мақала жаздық. Нартәуекел. Қосарларыңыз болса, тыңдауға қашанда даярмыз.
Адамзаттың абзалы Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбар балғын балаларды «Көздің нұрына», «Райхан гүліне», «Жәннаттың иісіне» теңеген. «Баласы бар-баламен бала болсын» деп хадисін өсиет еткен. Ал, дана қазақ "адамның бақыты-балада" деп бірауыз сөзбен бәтуәлі ой саптаған. Бірақ замана ағымы адамның бақытын баладан емес даладан іздетуде. Шындығы сол, құндылықтар құнсызданған қоғамда шырылдаған шарасыз шақалақтар әжетхананың табалдырығынан табылуда. Тәйірі, текті ұрпақтың тірлігі емес. Көкек ананың көбеюі–келешекте өз кесапатын әкелері айқын.
                Әбдісамат ӘБДІШАдал жар таңдау-баянды болашақтың кепілі...

12 желтоқсан 2022 ж. 373 0