№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Мемлекеттік грантты жеңіл алған Сұлтан

Мемлекеттік грантты жеңіл алған Сұлтан

Жаңадан кәсібін бастау алған тұлғаларда (млн 125 мың) теңге беріп отыратындығы үкіметтің қолдауынан өзінің мақсатына тиімді пайдалана білген азаматтар біздің ауданымызда да аз емес. Солардың бірі фото студия саласының маманы Сұлтанмұрат Бейбірұлымен жақынырақ  танысып, жаңа кәсібі жайында білу үшін студиясына бас сұқтық. Ашылғанына алты  ай болған студияның іші кең, жарық. Жұмыс қарқыны жоғары дәрежеде жүріп жатқаны бір қарағанан  көрініп- ақ тұрды.
  • Фото студия ашпай тұрып, ең бірінші фотогроф болып жұмыс жасадым. 2013 жылдан бері көпшілік жиындарда фото түсірдім. Кейін Ай- Ару студисына жұмысқа кірдім. Ауданымыздағы алғашқы студия еді. Негізі бұл салаға қызығушылығымды арттырған  Мұрат ағам болатын. Ол кісі Қызылорда қаласында үлкен студияда жұмыс жасады. Қасында жүріп, өзімнің  қалауымдағы  кәсіп екендігіне көзім жетті. Қазір өзім жеке студия аштым.
  • Әрине,  басында қиын болды. Алайда адам мақсат қойса, шын ниетімен тілеп, соған еңбек етсе біз алмайтын асу, бағындырмайтын қамал жоқ екен. Қаражат жағының өзі бір үлкен мәселе. Қазір техниканың дамыған заманы.  Алайда осы салада жүрген  мамандардан кеңес алып , аяққа тұрып келемін.
  • Неше адамды жұмыспен қамтисыз?

  • Әзірге ұжым шағын. Бес жігітпіз. Әрбірінің орны бөлек, өз ісінің мамандары. Бәрі өзім секілді жстар. Қарамағымдағы қызметкер деп санамаймын. Бір үйдің баласындаймыз. Техниканы толық меңгерген , жаңа үлгі, жаңа  трендтерден қалмайтын көңілді ұжымыммен мақтанамын.
  • Жұмысты маусым айында бастадық. Аз ғана уақыт аралығында сапалы жұмыстың арқасында атымызды  ел арасында кеңінен жарнамалап келеміз. Бұның барлығы еңбектің нәтижесі. Ізденіс бар жерде өсу, даму, алдыға қарай жылжу бар. Студия  S_studio_production болып аталады. Түрлі суреттерді , қызықты шақтарды барынша сапалы етіп естелікке түсіріп, көпшіліктің көңілінен шығудамыз. Ең бірінші халықтың ыстық ықыласы мен батасы, жұмысымыздың көңілдерінен шыққаны үлкен жеңісіміз,нәтижеміз деп білеміз.

  • Өзіңіздің жеке өміріңізге тоқталсақ?  Бітірген мамандығыңыз?    Отбасыңыз жайында кеңінен тарқатсаңыз?

  • 1995 жылы осы ауданда туып- өстім. Жаңақорған- құт мекенім, кіндік қаным тамған жерді ерекше жақсы көремін.  Қарапайым отбасымыз.  Ата- анам, ағам және кенже қарындасым бар. № 163 орта мектебінде білім алдым. Қазіргі таңда мамандығым мемлекеттік  жер басқару ісі.

  • Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар? Бес  жылдан кейін өз студияңызды қалай елестетесіз?

  • Әуелі Алла бес жылда жеке атауы қалыптасқан , үлкен студияларымның санын көбейту бойынша жұмыс  жасау. Республикалық көлемде дамытып, соңғы үлгідегі техникамен мамандарды  толықтай қамтамасыз етемін деп ойлаймын. Сол үшін кәзірден  тынбай жұмыс жасаудамыз.

  • Өмірлік ұстанымыңыз қандай?  Жас кәсіпкерлерге берер кеңесіңіз.

  • Адам ең бірінші тәуекелшіл болуы қажет. Кәсіпкерге қолдауды алдымен мемлекет беріп отыр. Соны тиімді, ұтымды пайдалан білсеңіз, дамуға, жақсы өмір сүруге болады. Қазір бәсекелес заманы. Әр тұтынушының  талғамы биік. Интернет дамыған заманда білім аламын дегенге білім, үйренемін дегенге курстың да түр-түрін табуға болады. Онлайн да оффлайн өзіңізді дамыта аласыз. Сондықтан кез-келген кәсіп бастап жатқан жанға айтарым білім алыңыз, өсіңіз, дамыңыз, бір орында тоқтап қалмаңыз дегім келеді.                                                           
  •                                                                                                             Ботагөз Маратқызы 
12 желтоқсан 2022 ж. 256 0