Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік алған күн мен Республика күнінің ара-жігін ажыратып, 25-қазанды «Республика күні», ұлттық мереке ретінде бекітті. Нақтырақ айтқанда, 13 жылдан кейін бұл мереке алғаш рет тойланайын деп отыр. Осы мерекеге орай, аудандық мәдениет үйінде «Күн дидарлы Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Тәуелсіздікке – тірек, елдігімізге қорған болған, рухымызға күшқуат берген мерейлі мерекеде аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы аудан халқына құттықтау сөзін арнады.
– Құрметті жерлестер! «Республика күні» құтты болсын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында өткен құрылтайда «Республика күнін» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Президент ұсынысы бірауыздан мақұлданып, 13 жылдан кейін алғаш рет мемлекеттік деңгейде қайта аталып өтілуде. Қазақ қашаннан тәуелсіздікті текті ұғым санаған. Бұл – кешегі ел үшін егеулі найза қолға алып, ұлтарақтай жер үшін ат үстінен түспеген батыр бабалардан қалған жәдігер құндылық. Біз – ғасырлар бойы азаттықты аңсап, еркіндікке қол жеткізуге ұмтылған, арман-мұраты тең өріліп, тайқазаны ортаймаған қазақ деген байтақ ел, дана халықпыз. Міне, сол бақыт бастауы жеке мемлекет болу емес пе еді. Демек, тәуелсіздік – азаматтығымыздың алтын тұғыры болуы керек. Осы мақсатта әрбіріміз жұмыла жұмыс еңбек етсек, биік белестерді бағындарарымыз анық, – деді аудан басшысы.
Республика күні-әрбір азаматтың мемлекеттің дамуы мен Қазақстанның қалыптасуына қосқан жеке үлесінің маңыздылығын сезінетін мереке. Түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлердің биылғы жетістіктер сараланып, саланың озық мамандары марапат биігінен көрінді.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» «Асхат» шаруа қожалығының төрағасы Кенімбаев Қалмат, қаржы саласының ардагері Дәулетбек Әмелбекұлы – «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Азимут-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Марлен Ысқақов 790 млн теңгеге инвестициялық жоба жасап, Жаңақорған кентінде демалыс паркін пайдалануға бергені үшін марапатталса, кәсіпкер, «Кәусар» брендімен ұлттық жүгері сусынын өндіруші Сейтмұхамед Абжаппаров және ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, аудандық хордың жетекшісі, сазгер, күйші, Түгіскен балалар өнері мектебінің директоры Құлахмет Сейтбекұлы, спорт ардагерлері арасындағы гір тасын көтеруден 5 дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Ибрагимов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов, білім саласының ардагері, «Болашақ» бастауыш мектебінің директоры Жақыпбекова Күлдана құрметке бөленді.
Сонымен қатар аудан әкімі елдің ықыласын иеленген бірнеше азаматтарды «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарында Салқадин Мырзабеков, Сұлтанбек Тәуіпбаев, Нұриддин Әмитов, Наятулла Қарақожаев, Зұлпыхар Сыздықов құрмет төрінен танылды. Ал, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Жаңақорған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласының ардагері Нағима Қорғанбаева, Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Ақмарал Нұрғалиева, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, Жаңақорған аудандық заң кеңесінің кеңесшісі Әлимұхамед Оңласбеков, Қызылорда облысының көкпар құрама командасының капитаны Нұржан Қамбарбеков, «Нұра топтық су құбыры» «Арал салынып жатқан кәсіпорындар бірлестігі дирекциясы» Жаңақорған өндірістік бөлімше басшысының орынбасары Әбунасыр Сапаров, аудандық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ғалия Кадирова, Қандөз ауылы, №240 мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі Күлаш Бекжігітова, Белбеу күресінен әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Құдайбергенова марапатталды.
Сондай-ақ, «Алтын дән – 2022» мерекелік салтанатты шарасында үздік номинаттар марапатталды. Өзгент ауылдық округінің әкімі Жанұзақ Мырзабаев – «Үздік ауылдық округі» номинациясымен ауылшаруашылығы саласында егін және мал шаруашылығы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізсе, «АгроСервис-Жаңақорған» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің директоры Мейіржан Рахымұлы – Егін шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Үздік егін шаруашылығы» номинациясымен, «Нышан» шаруа қожалығының төрағасы Орынбасар Нышанұлы-мал шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Үздік мал шаруашылығы» номинациясымен, «Ералбек» шаруа қожалығының күріш өсірушісі Алмағанбет Үржігітов – «Озат күріш өсіруші» номинациясымен марапатталады. 53 гектар бидайдың әр гектарынан 30 центнерден өнім алған «Мамбетәлі» шаруа қожалығының бидай өсірушісі Нұртай Елеусізұлы-«Озат бидай өсіруші» номинациясымен, 82 гектар жоңышқаның әр гектарынан 110 центнерден өнім алған «Қасым»шаруа қожалығының жоңышқа өсірушісі Орал Қасымұлы-«Озат жоңышқа өсіруші» номинациясымен, 50 гектар мақсарының әр гектарынан 14,0 центнерден өнім алған «Өзгент-С» шаруа қожалығының мақсары өсірушісі Ердәулет Бақытжанұлы «Озат мақсары өсіруші» номинациясымен марапатталады.
Иә, ауыл шаруашылығында ауыз толтырып айтатын игі істер баршылық. Кейінгі жылдары баубақтарын өсіруді азаматтарымыз жақсы қолға алып жатыр. Әрине, бау-бақшаны күтіп баптау оңай тірлік емес. Дегенменде бейнетіне қарамай білек сыбана кіріскен бағбандардың бірі «Сығанақ» шаруа қожалығының бақша өсірушісі Нұржан Ибраев -«Озат бақша өсіруші» номинациясымен марапатталады.
Ас атасы наннан кейін орын алатын картоп – әлемдегі ең қадірлі өнім. Қандай тамақ болмасын картопсыз елестету әсте қиын. Алайда күріш өсіруден алда аймағымыз картоп өсіруден де жаман емес. Содан болар аталған өнімді егіп, арнайы кәсіп еткендер баршылық. Биыл су үнемдегіш технологиясы – тамшылатып суару әдісімен 4,5 гектар көкөніс егіп, әр гектарынан 196 центнерден өнім алынса.
Картоптың әр гектарынан 330 центнерден өнім алған «Билібай» шаруа қожалығының көкөніс өсірушісі Әділет Ордабеков -«Озат көкөніс өсіруші» номинациясымен марапатталады. Картоптың әр гектарынан 400 центнерден өнім алған «Айдархан» шаруа қожалығының төрағасы Олжас Фазылов «Озат картоп өсіруші» номинациясымен, осы жылдың маусымында 2000 тонна астық бастырған «Нұрбол» шаруа қожалығының астық бастырушысы Жүсіп Төлеп - «Озат комбайншы» номинациясымен, «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің жетекші маманы Мұрат Өскенбаев-«Үздік су мұрабы» номинациясымен марапатталды.
Арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бұл сөз қалам ұстаған қауымның бар ғұмырын айшықтап тұрғандай. Саналы ғұмыры жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек. Аталмыш жиында, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Жасұлан Сейдеметов «Үздік тілші» номинациясымен марапатталады.
Елдің рухани дамуы мен кемелденуінде ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім. Облыс, аудан көлемінде өткен мәдени шараларда өз үлесін қосып келе жатқан «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени үгіт бригадасының режиссеры Абай Камалов «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясымен марапатталады.
Қазір ауданымызда мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, асыл тұқымды мал алудың тетігін меңгеріп, жақсы жетістіктер көрсетуде. Атап айтсақ, «ТалапБекеті» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің бақташысы Оразбай Жұманов бекітілген 165 бас сиырды (оның ішінде 95 басы аналық) 100% аман сақтап, 75 бұзау алуды қамтамасыз еткені үшін – «Үздік бақташы» номинациясымен «Бақытжан» шаруа қожалығының шопаны Марат Әбілдаев жауапкершілігіндегі 1200 бас қаракөл қойын, мал басын 100% аман сақтап, 950 бас төл алуды қамтамасыз еткені үшін-«Үздік шопан» номинациясымен, «Дамир-С» шаруа қожалығының жылқышысы Бахтияр Амалбеков шаруашылық иелігіндегі 87 бас жылқыны, 100 пайыз аман сақтап, 65 бас төл алуды қамтамасыз еткені үшін «Үздік жылқышы» номинациясымен, Ақансері Биімбетов жеке иелігіндегі мал басын 100 пайыз аман сақтап, төл алуды қамтамасыз еткені үшін «Үздік түйеші» номинациясымен марапатталса, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Жаңақорған аудандық филиалының басшысы Мырзахожа Әлжанов- «Үздік өсімдік қорғау қызметкері» номинациясымен, ауылдық округі бойынша егін және мал шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосқаны үшін «Қожакент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мұратбек Әмірұлы- «Үздік ауыл шаруашылығы маманы» номинациясымен марапатталады.
Күз мерекесі еңбек адамдарын марапатпен марқайтып, еңбегінің жемісіне қауыштырды. Қысқасы, көпті қуанышқа бөлеген игі шара болды. Шаруа шаттанып, диқан қауымы. рухани күш-қуат алған мерекеде сан саланың үздіктері марапатталып, құрмет төрінен орын алды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ауданның көркемөнерпаздары мереке шаттығын еселеп, әсем ән, тәтті күймен көптің көңілін көтерд
Әсел Рзаева