№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АДАМ ҚАРТАЙҒАНМЕН, ӘЗІЛ ҚАРТАЙМАЙДЫ

АДАМ ҚАРТАЙҒАНМЕН, ӘЗІЛ ҚАРТАЙМАЙДЫ

Кейден ауылдық округінде өткен көңілділер мен тапқырлар клубының (КТК) ойыны ардагер өнерпаздарды жинады. Нақтысын айтқанда, 10-15 жыл бұрын Жаңақорған ауданында КТК негізін қалағандар «Адам қартайғанмен, әзіл қартаймайды» ұранымен бас қосты.

«Кейден» (Кейден ауылдық округі), «Жалынды жастар» (Қыркеңсе), «Бесарық» (Талап) және «Талап қырандары» (Бесарық), екі кезең бойынша өзара үздік команданы анықтады.
Сәлемдесу кезеңінде ардагер өнерпаздар тақырыпты аша түскендей болды. Расында адам қартайғанымен, әзіл қартаймайды екен. Қайта мәні түрленіп, мазмұндық деңгейі арта түсе ме? Залға жиналған кейдендіктер астарында зіл бар әзілге қарқ болды. Саяси мәні, рухани тағлымы, мәдени тәлімі терең әзіл-қалжыңдар көрермендерді ойлатқаны анық. Себебі, ойын барысында Елбасының халықшыл бағдарламалары мен рухани жаңғыруы барынша насихатталды.
Мультипликациялық немесе кино­фильмдерден алынған үзінділерді дыбыстауға негізделген сәлемдесу кезеңінде сахна саңлақтарының тынысы ашылып, түрлі тақырыпты арқау етті.
Қазылар алқасының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, талантты жастардың шығуында ардагер өнерпаздардың орнына тоқталды. Ал, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже кештің жоғарғы деңгейде өткенін сөз етіп, ардагер өнерпаздардың ойынын ауылдық округтерде ұйымдастырып тұруды ұсынды. Мәдениет қайраткері Мәдениет Тотаев қалжыңдарды көрермендерге ұсынбас бұрын, сахна мәдениетін сақтау мақсатында әзіл-қалжыңдарды әбден сүзгіден өткізу қажеттігін ескертті.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өрбіген тартысты сайыстың нәтижесі бойынша үздіктер марапатталды.
– Мемлекет басшысының рухани жаңғыруындағы – ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы – қазақ жастарына бағытталған ұстаздық ақыл мен талап деп түсінемін. Осыны жастарға қалжыңмен ұтымды жеткізу үшін ардагер КТК-ларды жинадым. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады, – деді ұйымдастырушы Балмұхаммед Абжаппаров.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров «Жалынды жастар» командасымен аудандық, облыстық сайыстарда үздік көрініп, өнері шыңдалғанын айтты. Әрі қоғамдағы маңызды оқиғалар мен үрдістерді қалжыңмен жеткізетін КТК ойынын ауданда дамыта беру қажеттілігін атады.
Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
05 мамыр 2018 ж. 1 174 0