» » » Ауыл клубтарының жұмысы сараланды

Ауыл клубтарының жұмысы сараланды



Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде алқа мәжілісі өтті. Оған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нурымжан Булдырыков, аудандық, кенттік мәдениет үйлері мен ауылдық клуб директорлары, қызметкерлері және кiтапхана басшысы мен қызметкерлерi қатысты.


  Алқа мәжілісінде алғашқы болып аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева бірiншi жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстар мен алдағы екіншi жарты жылдықта атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Одан бөлек, Әбдіғаппар, Келiнтөбе және Қосүйеңкi ауылдық клубтары мен аудандық кiтапхана есеп берді.

  Алқада Роза Бағланованың 100 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында және тағы басқа атаулы күндерге байланысты атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Мұнан соң аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева ауылдық клубтар бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері жайлы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықовқа толыққанды жеткізді.

  Аталған жиында мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеумен ғана шектелмей, кеткен кемшіліктердің де ашық айтылуы қазіргі таңда жиі қозғалып жүрген қоғамдағы жариялылық, ашықтық аталатын үрдістен табылып жатты. Оған қоса, мәдениет саласының алқасында клуб қызметкерлерінің пайымды пікір білдіруі жиынның салмағын арттыра түскендей болды.

 Мәдениет саласында тындырылған толымды тірліктер жеткілікті. Десе де, көңілді «әттеген-ай» дегізген тұстар да кездеседі. Бір тұcы, мәдениет саласы бойынша үйipмелердiң жұмысы ойдағыдай емес. Бұл жөнінде нақты тапсырмалар мен оң бағыттар ұсынылды.

 Қысқасы, әрбір айтылған сын пiкipлер мен проблемалық ұсыныстарды мұқият тыңдаған бөлiм басшысы Нұрымжан Бұлдырықов мәжілісте айтылған әрбір мәселе назарда болатынын жеткізді.

16 тамыз 2022 ж. 660 0