Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейді
«Алаш» деген сөздің мән-мағынасын жүректен өткізбей тұрып «Мен Алаштың ұрпағымын» деу күнә. Қазақ сахарасына 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында жымысқы саясатпен еніп, ұлт тағдырын қалың тақсыретке айналдырған озбырлыққа жазық даланың маңдайы жарқырап озық туған ұлдарының ұшқын тілектен туған тұғырлы талабын қарсы қойғанына шынайы тарихты зерделегеннің ғана көзі жетеді. Кешегі жетпіс жылдық идеологияның туын көтерген, мектебінде білім ап, комсомол тәрбиесін алған ұрпақ тілімдей ғана «Қазақстан тарихын» оқып, ондағы «Бұратана, сауаты жоқ қараңғы қалған қазақ ұлтының көзін ашқан ұлы халықтың, оның көсемінің кемеңгерлігін» жаттап өскеннен басқа біліммен қарулана алған жоқ. Біз нағыз тарихтың елесіне ел егемендігін алған тоқсаныншы жылдардан бастап еміс-еміс көз жеткізе бастадық емес пе?
Сөйтсек, ұлттарға теңдік әкелеміз деп атқа қонған большевизм геноцидтік, яғни ұлтты үзу саясатын жалаулатып кеп, нәтижесінде қазақ жерінде екі рет қолдан ашаршылық жасалып, соның алапат қасіреті 1914 жылғы санақта алты жарым миллион болған қазақтың үштен екі бөлігін қырғынға ұшыратыпты.
Осынша азапты арқаласақ та ұлт ретінде ар-ұжданымызды ұстын етіп, тарихқа табан тіреп қалуымыздың сыры неде? Мұны түсіну үшін Алаш қайраткерлерінің тұлғалық болмысын танып білуіміз керек.
Алаш партиясының мүшелері, Алашорда үкіметінің ақсұңқарлары жөнінде Төлен Әбдіков былай деп жазды: «Дүние жүзі интеллигенциясының бәрін оқып, зерделедім. Алаш қайраткерлеріндей ар-ұяты таза, зиялы толқынды көре алмадым».
Тарихи тұлғаның қадір-қасиеті оның ұлт өміріне қандай өзгеріс әкелгенімен өлшенеді. Осы тұрғыда айрықша бағаланып, күні кешелері Елорда төрінде алып ескерткіштері қойылған үш арыс – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулатұлы туралы тереңірек тоқталуды міндет тұттық.
Ұлт қайраткерлерінің арманы – Қазақтың дербес мемлекеттігін құру еді. Мұны патша самодержавиесіне қарумен қарсы тұрып іске асыру мүмкін емес. Бұл жерде олар революциялық жолға балама эволюциялық тәсілді, яғни ағартушылық жолды ұсынды. Сол үшін орыстың прогрестік көзқарастағы демократтарымен қарым-қатынасты нығайтты. Империялық биліктің саясатына реформа жасау ісіне бұлар да бел шеше араласып кетті. 1906-1907 жылдары Орыс халықтық демократиясына мүше болып енген қазақ зиялыларының алдында халықтың өз-өзін басқару талабына қол жеткізу үшін не керек? деген сұрақ тұрды. Бұл үшін білім, ұлттық сана керек. Сол үшін бүтін зиялы қауым ұлт көкірегіне шырақ жағып, көзін ашуға барын салды.
Абай сынды, Алтынсарин сынды елдің көзін ашып, санасын сәулелендірген тұлғалардың есімі ерек, бірақ әр-әр жерде жылт еткен шырақпен бүтін қазақты қамту мүмкін емес, Алаш идеясының әлеуеті сонда, жаппай қоғамды алға ілгері апарудың алғышартын әзірледі. Қазақтың дербес ұлт екендігін мойындатудың жарқын мүмкіндігіне арна салды. Тарқатып айтсақ, тіл білімінің қазығын қалыптастырды. Ел аузындағы мақал-мәтел, жыр-дастан, аңыз әңгімелер жүйесімен әдеби-мәдени шығармалар тізбегін түзіп жазба әдебиеттің негізін қалады. Міржақып Дулатовтың
«Оян, қазақ» кітабы, «Айқап» және «Қазақ» газет-журналдарының жарық көруі халық көңіліне азаттық идеологиясын екті.
Алдымен ұлт болып қалыптаспайынша мемлекет құру мүмкін емес. Ал мемлекеттікті қалыптастыратын ұлттық сана, ол ағартушылық күшпен аяққа тұрады.
Алаш қозғалысы – қазақ ұлт азаттық қозғалысы деп мойындауымыз керек. Оның лидері ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары ұлт-азаттық қозғалыстың бағыт-бағдарын, концепсиясын, ұстанымын қалыптастырды.
ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Қарағанды өлкесі, Ақтоғай ауданында туылған. Жастайынан зерек өскен ол алдымен үш жыл ауыл молдасында білім алды.Омбы техникалық училищесінде, одан әрі Петербордағы Заң университетінде Ленинмен бірге емтихан тапсырған. Он тоғыз жасар қазақ баласының үздік біліммен қаруланған элиталық деңгейі оның дворяндық ақсүйектер әулетімен терезесін тең етті. Ол жер мамандығының білгірі болды. Сондықтанда сол кездегі ұлттарға жер бөліп беру мәселесінде қазақты отырықшыландыру, егіншілік үшін әрбіріне 15 десятинадан жер телімдерін жекеменшікке беру саясатына түбегейлі қарсы шықты. Бұлай еткенде меншігіне алған мөлшерлі жерді сатып-сатып, ақырында өздері жерсіз қалған башқұрт халқының тағдырын мысал етіп, мүлде ымыраға келуге болмайтын шешімге қарсы бүкіл Алаш зиялыларын көтерді. Дәл осы тақырыпты бүгін де көтеріп қазаққа жекеменшік жер берілуі керек деп аттандап жүрген қандастарымыздың құлағына алтын сырға. Ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханов айтқан ащы шындық: «Егер сен қазақ мәселесін түсінгің келсе жер мәселесін түсін. Жер мәселесін түсінгің келсе қазақ мәселесін түсін».
Қазақ үшін жер – тыныс алатын ауаның өзі. Ол кең шұрайлы даласынсыз емін-еркін көшіп-қонып малын баға алмайды. Қадамына тұсау түсіп, ерік-жігері жасып, табиғатынан жаңылады. Бабаларымыздан мұраға басқа байлықтан бұрын ұлан-асыр жер қалғанының түпкі мәні осы.
Оның даладай кең көңілі кеңістікте ғана жай табады. Осынау қасиетті мұрамызды кайткенде етекке басып, еншілеп қала аламыз? Осы ретте озық ойлы қазақ баласының Ленинмен, Троцкиймен, Керенскиймен үзеңгілес білім жарыстырып, достық қарым-қатынаста болуы арқасында қазақтың жері жөнінде ұтқыр талдау дәйектері және пікір-талабын өткізіп, ұлт мүддесіне ұтымды ұпай түгендеуіне жол ашқаны тарихтан белгілі.
Тарқатып айтсақ, Батыс өңірді кіші жүз, Омбы аймағында орта жүз мекендеп келгенін ата-баба зираттарымен дәлелдеп, одан әрі Жетісуды зерделетіп, тіпті Ташкент аймағында билік құрған Төлебидің жатқан жерін негізге алып қазаққа тиесілі жерлердің құжатын Орталық Комитетте Ленин мен Сталиннің алдында қорғап, мінсіз мойындатуының нәтижесінде нешеме Абылайлар атқа қонып, аҺ ұрып арпалыспен аңдысқан қазақтың ұлан-байтақ шекарасын тастүйін шегендеп, осыншама аумақты ашық күнде ұрыссыэ-керіссіз ұлт меншігіне бекемдеп берген дала қыранының сұңғыла саясаткерлігінің сырын түпсіз білімнен, кемеңгер ақылға суарылған аққөз азаматтықтан іздеген дұрыс.
Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың еңбегіне айрықша тоқталу маңызды.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің негізін салған ғалым, ұстаз, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Торғай өңірінде ауыл молдасынан тәлім алып, Орынбор мұғалімдер семинариясында білім алған. 1904-1906 жылдары Қарқаралыда орыс-қазақ
мектебіне басшылық жасайды. Осы жылдары қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға арналған «Маса» жинағы жарық көреді. Иван Крыловтың 46 мысалын қазақшаға аударады.
Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен кездесуі саяси көзқарасын одан әрі шыңдады. 1913 жылдан 1917 жылға дейін «Қазақ» газетінің шығарушысы болды. 1919 жылы 27 тамызда Қостанай оязын сол кезде жаңадан құрылып жатқан Челябинск округіне қосуға шешім қабылдаған Кеңес үкіметі басшылығына – Ленинге хат жазып, петиция жариялаған жастардың басында болып, нәтижесінде Қостанай оязы қазіргі Қостанай облысы құрамына қалдырылады.
Ахмет Байтұрсынов Алаш автономиясы Оқу – ағарту комиссиясының төрағасы,Қазақ Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасы Халық ағарту комиссары қызметін атқарады.
Бүгінде Қазақ Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілген. Үлкен қалаларда көше атаулары бар.
Міржақып Дулатұлы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы Қызбел ауылында туылған. Ақын, жалынды көсемсөзші. Ауыл молдасынан хат танып, 1897 – 1902 жылдары мектепте білім алған. 1905 жылдардан бастап Қарқаралыда қазақ жастарымен біріге саяси – бұқаралық қозғалыстарға қатыса бастайды. 1907 жылы Петерборға сапары оны жаңаша тұрғыдағы ақын болып қалыптастырады. «Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі және «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы бүркеншік атпен жарияланады. Бұл жазбаларынан соң патша өкіметінің назарына ілігіп, қуғынға ұшырайды. 1909 жылы «Оян, қазақ» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетін, 1920 жылдары Ташкентте «Ақжол» газетін шығарады. 1922 – 26 жылдары Орынборда ағарту институтында оқытушы болып қызмет атқарады. 1928 жылы бір топ қазақ зиялыларымен бірге он жылға жер аударылып, 1935 жыылы тұтқында жүрген жерінде қаза болады.
Алаш қайраткерлері ортақ мақсатының орындалуының бір айғағы – мемлекеттігіміздің тұғыры қаланды. Кезінде, яғни 1917 жылы 12 маусымда құрылған Алаш үкіметінің негізінде Қазақ автономияялық республикасының негізі қаланды. Олай болса біздің текті арыстарымыздың телегей-теңіз еңбегі зая кеткен жоқ. Ендігі мақсат – біз осынау ағалар жолын лайықты жалғай аламыз ба, жоқ па? Мөселе осында. Мемлекетіміз үшін ең үлкен құндылық – бірегейлік. Сондықтан жастарымыз мансаптан, жеке бастың мүддесінен гөрі мемлекетшілдік мазмұнға бағытталған біртұтас идеяның маңына топтасуы керек. Бұл жерде кеше мен бүгінге ортақ кесел - көре алмаушылық пен күншілдіктің ауылынан алыс тұрғанның күні жарық. Бұл жөнінде кезінде Ахмет Байтұрсыновтың өзі тарыға отырып толғағандай: «Қинамайды атқаны, қинамайды түрмесіне жапқаны. Қинайды тек өз итіңнің балағыңнан қапқаны», деуінде қаншама өзекті өртеген өкініштің табы жатыр. Өсер елдің ұрпағы осындай кемшіліктен сақ болуы керек.
Алашпын, Алаштың ұрпағымын деу сән емес немесе әуейі әуестікпен айтыла салар сөз тіркесі емес, ол жаныңмен, қаныңмен беріліп, күніге бір ой елегінен өткізіп, туған ұлты үшін ғазиз басын құрбан еткен қаҺармандарымызды санада қайта тірілтіп отырар отты ұғым. Өйткені ұлтын шын сүйгендердің рухы уақыт өткен сайын алыстап емес, керісінше кемелденіп, асқақтап бара жатқандай. Өткен жылы үш арыс – Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин мүсіні қаланың қақ ортасынан орын алса, биыл Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш қойылып, өзі болмаса да көзі тіріліп, өмірімізге енді. Ұлт көсемдерінің
рухына күн сайын тағзым ету аз, өнегесін жас ұрпақ жаадында жаңғырту шаралары мықтап қолға алынуы тиіс.
Баян ҮСЕЙІНОВА