Ақпаратты қайдан аламыз?
Шыны керек қазіргі қоғамда, әсіресе жастардың газет-журнал, кітапқа қарағанда, қалта телефонға көп үңілетінін аңғарамыз. Әлдебір сұраққа жауап іздесек болғаны, демде экран алдынан шыға келетін шын, өтірігі беймәлім мәлілметтер болашақ жастарымызға қандай тәрбие беруде деген алаңдаушылық пайда болатыны да рас.
Қоғам ақпаратты қайдан алады? Қазіргі таңда бұл өзекті тақырыптар қатарында. Қоғамның ақпаратты қайдан алып жатқаны, олардың тәсілі мен талғамын білу, тәжірибиелерімен бөлісу, сондай ақ кітаптың немесе интернеттің адам өміріндегі алатын орнын анықтау мақсатында сауалнама жүргізген болатынбыз. Сауалнама 15-20 жас арасындағы оқушылар мен студенттер арасында жүргізілді. Себебі қазіргі сәтте интернетті де кітапты да көп қолданушылар осы жас арасындағы жастар.Сауалнама 100 адамнан алынды. Алғашқы сұрақ.
Сіз ақпаратты қайдан аласыз?
– Бұл сұраққа 100 адамның 65,2 пайызы кітаптан деп,28,3 пайызы интернеттен деп жауап берді. Қалған жауап нұсқаларын ешкім таңдамаған. Демек бұл жерде кітап пен интернетті басты ақпарат құралы ретінде қарастырамыз.
Сіз бұны қаншалықты дұрыс деп санайсыз?
– Деген сауал оқырманның таңдаған құралына деген сенімділігін білу мақсатында қойылды. 31,2 пайызы тек қажеттілік үшін қолданатынын айтса, 44,1 пайыз адам таңдаған құралына толықтай сенімді екенін айтты. Ал қалған 9,7 пайызы өзіне тиімді екенін алға тартты.
Келесі сауалымыз ақпараты алу тәсіліне бағытталды
– Бұл сұраққа 55,4 пайызы алатын ақпарат көп болғандықтан деп, 28,3 пайызы қолжетімді болғандықтан десе, 8,7 пайызы сұранысқа ие құрал болғандықтан ұнайтынын атап өтті.
Қайсы ақпарат құралы сұранысқа ие?
– 45,2 пайызы интернет деп 51,6 пайызы кітап деп жауап берді.
Ақпарат құралын таңдағанда қандай нәрсеге мән бересіз?
– 49,5 пайызы ақпараттың көптігіне аса мән беретінін айтса, 12.9 пайызы қолайлығына назар аударса, қалған қалған 33,3 пайызы сапасына қарайтынын айтты.
Ақпарат алуда жас мөлшеріне қарай құрал таңдаған дұрыс па?
– 13 пайызы тиімділігіне қарай, 12 пайызы жас мөлшері әсер етпейтінін айтса, керсінше 29,3 пайызы ақпарат құралын таңдау жас ерекшелігіне әсерін тигізеді деді. Ал қалған 45,7 пайызы ақпаратты меңгеруіне қарай деп жауап берді.
Барлық ақпарат құралдарын біріктіріп, бір ғана ақпарат құралын шығаруға көзқарасыңыз қалай?
– Осы жерде жастардың ойларын біліп,олардың тың идеялары мен ұсыныстарын алу мүмкіндігі пайда болды. 26,1 пайызы келіспейтінін, ақпарат құралдарының атқаратын қызметі әртүрлі болу керек десе, 39,1 пайызы қолдайтынын, қазір ақпарат ғасыры, дамыған заманда өмір сүретінімізді алға тартты.
Ақпарат құралын пайдаланған да өзіңізге қандай талап қоясыз?
– 48,9 пайызы уақытпен санасам десе 22,8 пайызы жайлы жердің маңызды болатынын айтып өтті.
Қайсы ақпарат құралында ақпарат көп және толық?
– Бұл сұраққа 27,2 пайызы интернет деп, 69,9 пайызы кітап деп жауап берді.
Қорытынды: Қазір-ақпарат ғасыры.Соның жетістіктерінің бірі интернет желілері және оның атқаратын көпқырлы қызметтері. Қанша жерден техникалық құрылғылар қажеттілік көзі болса да, кітаптың орнын баса алмасы анық. Ақпарат алу көзі ретінде бірінші кітап, содан кейін интернет тұрғаны белгілі болды. Бұл тұжырымға сауалнама нәтижесі дәлел болып отыр. Бізге интернет ыңғайлы болса да рухани байлық кітаптың сұранысқа ие болып отырғаны қуантады.
Арай ТОҚСАНБАЕВА