42500 теңгеге қатысты сұрақтарға жауапты қайдан алуға болады
42500 теңге жәрдемақыға қатысты сұрақ қоюшылар саны көп. Жәрдемақыға қатысты барлық мәселені байланыс ортылығына хабарласып білуге болады. Сондай-ақ басқа да жолдары бар. Бұл жайлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев хабарлады.
Бұл туралы Нариман Мұқышев Facebook парақшасында жазды.
Бүгінгі таңда жиі қойылатын үш сұрақ:
1. Бір қаражатты 1 жұмыс күні ішінде жібергенімізге қарамастан, алушының шотына ақша ұзақ уақытқа түсетіні жайлы шағымдар айтылады.
Біреу үш күнде, біреу одан да ұзақ уақыт күткенін айтады. Неліктен шотқа кеш түсіп жатқанын анықтаймыз. Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз, банктермен талқылап жатырмыз.
Мұны дәлірек білу үшін мен Telegram каналында (t.me/nmukushev) осы тақырыпта сауалнама жүргіздім. Егер қиын болмаса, сіз де жауап беріңіз.
2. Бас тартуға байланысты хабарлама алған жандардан 42500.enbek.kz сайтынан дәрежесін тексеруді сұраймын. Мысалы, еге сіздің бірреттік әлеуеттік төлеміңіз жоқ болса, біз бұған дейін мұндай өтініштерді қайта қарау үшін қайтарған болатынбыз. Себебі бірреттік төлем 1-3 жұмыс күні аралығында түседі. Мен бұл туралы бұрын жазғанмын.
Шынында да, екінші тексеруден кейін біз төлемдердің кешірек түскенін көріп жүрдік.
3. Кері байланыс туралы.
Маған көптеген сұрақтар мен сұраулар түседі.Өкінішке қарай, әрқашан әрқайсысына жауап беруге уақытым бола бермейді. Сонымен қатар, адамдар қайда сұрақ қоюға болатындығы жайлы сұрайды. Мен бірінші кезекте осы мәселе бойынша айтайын:
42500.enbek.kz мекен-жайы бойынша дәрежеңізді тексеріңіз. Онда бәрі жазылған. Барлық статус, соның ішінде сәтсіздік себептері айтылған.
42500@enbek.kz және 42500@gfss.kz пошталарына жаза аласыз.
Біз 2-3 күн ішінде жауап беруге тырысамыз.
Дәрежеңізді тексергеннен кейін де сұрақтарыңыз болса, 1411 байланыс орталығына жүгіне аласыз.
Күн сайын барлық байланыс орталықтары жарты миллионнан астам қоңырауларды қабылдайды. Бірақ біз күн сайын кері байланысты жақсарту үшін жұмыс жасаймыз.
Егер сіз байланыс нөміріне хабарласып, жауап ала алмасаңыз, бұл барлық операторлар қазір бос емес дегенді білдіреді.
stan.kz