№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Нәзік жандыларды жиі сомдайтын Нұртас сынға ілікті

Нәзік жандыларды жиі сомдайтын Нұртас сынға ілікті


«Ұят! Ер-азаматқа жараспайды!» Әр фильмінде әйелдердің кейпіне енетін Нұртас Адамбайға, дәл осындай пікірлер жиі жазылады. Нәзік жандыларды сомдауды әдетке айналдырған әзілкештің көздегені не? Актер, аталмыш образға деген құмарлығының құпиясын алғаш рет ашты!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Сәбина келіннің кейпімен танылған Нұртастың кереғар пікірлерге еті үйренген. Тіпті, актер сомдайтын нәзік жандылардың образдары мұнымен шектелмек емес! «Ит үреді, керуен көшедіні» ұрандатқан Адамбай, кезекті картинасында да егде жастағы әйелді сомдайды.
«Ғаламторда түрлі пікірлерді оқимын. Біреулер: «Ой, әйелдің киімін киіп алыпты. Ұят емес пе?» – деген сияқты жазба қалдырады. Әзілге жақын адамдар, менің кейіпкерімді түсінеді. Бұл менің образым. Ал ұнамаса, қарамасын!» – дейді Адамбай.
Иә, айтпақшы Шімән апа да сынның садағына жиі ілігеді екен. «Әзіл әлемінде» әженің образын сомдайтын Ерболат Төлегеннің, жағымсыз жазба авторларына жауабы дайын.
«Ер адам әйел адамның образын сомдағыш болып кетті деп сынайды ғой. Бұл жерде «өнер» деген сөз бар. Соны баяғыда айтатын болса, Құдайберген Сұлтанбаевқа неге айтпады? Қазір Күлпаш пен Шімән шығып еді, бәрі соған сөйлеп, бәрі білгіш, бәрі айтқыш болып кетті», – дейді Ерболат Төлеген.
Әйелдің бейнесі арқылы, жұртқа танылған таланттарды аға буын да қолдап отыр. Олардың ойын ортаға тоғыстырған – өнер ұғымы!
«Әйелдің болсын, әжеміздің рөлін шығарып жатса, халықтың көңілінен шығып жатса, оның ешқандай артығы да, кемшілігі де жоқ. Егер де, ол өзінің образын алып шыға алмаса, онда сын айтуға болады», – дейді Әбунасыр Серіков.
Иә, шабыты оянғандарға шығармашылықта шектеу жоқ қой! Бүгінде танымал вайнер Нұрлан Батыров, «Безумная женщина» атты кейіпкеріне көлемді картина таспалап жатса, кезінде украиналық продюсер әрі композитор Андрей Данилконың «Верка Сердючка» образы жұлдызын жаққан болатын.
13 сәуір 2018 ж. 1 083 0